Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Қазақстан намысын қорғаған елордалық балуандар ерекше белсенділік танытты

Үндістан астанасы Нью-Делиде ересектер мен кадеттер арасында өткен белбеу күресінен (алыш) Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан намысын қорғаған елордалық балуандар ерекше белсенділік танытып, ел мерейін үстем етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Айтулы додаға әлемнің 10 мемлекетінен 200-ден астам спортшы қатысты.

Атап айтқанда, Астана қаласының спортшысы Марзия Жомартова 60 кг салмақ дәрежесінде белбеу күресінің еркін стилінде алтын жүлдегер атанса, 55 кг салмақта сынға түскен Айша Жиенбаева да қарсыластарын қапы қалдырып, алтыннан алқа тақты.

Сондай-ақ белбеу күресінің классикалық стилінде +100 келі салмақта елордалық Мадияр Абдрахманов қола жүлдеге қол жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

40 мың жас қазақстандықты жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

admin_altyalash

Жетісу облысындағы ауылдарды сумен қамтуға Арнаулы мемлекеттік қордан қаржы бөлінді

admin_altyalash

Ақмол ауылында тағы бір жайлы мектеп есігін айқара ашты

admin_altyalash