Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғамМәдениет

Қазақ тілінде, ұлттық нақышта түсірілген мультфильмдер көп болуы қажет

2025 жылдың 5 маусымынан бастап «Алтын адам» мультфильмі көрермен назарына ұсынылады. Туынды Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық кино орталығының қолдауымен жарыққа шықты. Анимациялық фильмнің өндірісімен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы айналысқан. Бүгін Астана кинотеатрында аталмыш мультфильмнің жабық көрсетілімі өтті.

«Алтын адам» – өмір отын іздеп, Хан тәңірі шыңына шыққан сақ жауынгері туралы оқиға. Шығармашылық ұжым фильмнің өн бойына алтын адамның сырты ғана емес, жан-дүниесі, рухы да алтын болу керек деген ұстанымды сыйдырған.

Бұл – ұлттық болмыс пен құндылықтарды, тарихи тұлғаларды дәріптеу, қазақша контенттің салмағын арттыру бағытындағы маңызды қадам.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, қазақ тілінде, ұлттық нақышта түсірілген мультфильмдер көп болуы қажет. Сондықтан анимацияны дамыту мәселесі өзекті болып қала бермек.

Бұған дейін жабық көрсетілім Алматы қаласында өтті. Көрсетілімге көпбалалы аналар қорының қамқорлығындағы балалар, БАҚ өкілдері, дубляж актерлері мен жоба авторлары келді. Фильм көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, оң бағасын алды.

Ұқсас жаңалықтар

Ертең 1-сыныпқа 382 мыңға жуық бала барады

admin_altyalash

Қуатты армиямыз – Тәуелсіз Қазақстанның берік қалқаны және мызғымас мемлекеттіліктің мығым тірегі

admin_altyalash

Мұқтаж жандарға баспана сыйлау – бұл жай ғана көмек емес

admin_altyalash