Ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту уақыт талабы – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту уақыт талабы

04.06.2025
0
Ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту уақыт талабы

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары ғылыми-техникалық қызметті дамыту және жоғары оқу орындарының экономиканың нақты секторымен байланысын күшейту мәселелері бойынша Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшылығымен кездесу өткізді.

Комитет төрағасы Нұртөре Жүсіп кездесуді аша келіп, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту уақыт талабы екенін атап өтті. Бүгінде Қазақстан әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа кезеңіне келіп, жоғары технологиялық өндірісті дамытуға ұмтылуда. Жаһандық бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін ғылымның нақты сектормен тиімді, жүйелі және институционалды түрде бекітілген өзара байланысы қажет.

«Ғылым мен өндіріс арасындағы байланыстың әлсіздігі әлі де шешілмеген негізгі мәселенің бірі болып табылады. Ғылыми зерттеулердің нәтижесі экономикаға нашар енгізіледі және университеттегі инновациялық жобалардың көпшілігі іс жүзінде қолдануға жетпейтінін деректер көрсетіп отыр. Бұл қолдану мәселелерін шешуде отандық ғылымның тиімді құрал болуына жол бермейді. Осыған байланысты ғылыми-техникалық қызметті жандандыру және жоғары оқу орындарының нақты сектормен өзара жүйелі іс-қимылы стратегиялық сипатқа ие болады», – деді Нұртөре Жүсіп.

Сонымен қатар, Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті Абай Серікқанов Қазақстанның ғылыми-технологиялық дамуын тежейтін жүйелі кедергілер туралы баяндама жасады. Ол білім экономикасына жаһандық көшу мен технологиялық егемендік жағдайында елімізге тиімді, стратегиялық басымдыққа ие ғылым жүйесі қажет екенін атап өтті. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру деңгейінің төмендігі, ғылыми әзірлемелерді коммерциялаудың әлсіздігі, білікті инженерлердің тапшылығы және жоғары оқу орындарының нақты сектордан алшақтығы негізгі проблемалардың қатарында аталды.

Шараға сонымен қатар денсаулық сақтау, ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы, көлік, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, энергетика министрліктерінің, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері және ғылым саласындағы жетекші сарапшылар қатысты.

Суретті түсірген: А.Байжұманов

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақ тілінде, ұлттық нақышта түсірілген мультфильмдер көп болуы қажет

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алматыда мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.