Үкімет жобаның сәтті жүзеге асуы үшін қажетті көмек көрсетеді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Маусым 17, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Үкімет жобаның сәтті жүзеге асуы үшін қажетті көмек көрсетеді

12.06.2025
0
Үкімет жобаның сәтті жүзеге асуы үшін қажетті көмек көрсетеді

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Roca Group директорлар кеңесінің төрағасы Сантьяго де Гомар Рокамен кездесу өткізді. Онда Қызылорда облысында сантехникалық бұйымдар шығаратын зауыт салу жобасын жүзеге асыру мәселелері мен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.

Жоба қуаты жылына 500 мың бұйымға дейін санитарлық-техникалық өнім шығаратын жоғары технологиялық зауыт салуды көздейді. Өндіріс Қызылорда облысындағы «Өндіріс» индустриялық аймағында орналасады, осы мақсаттар үшін жер телімі белгіленді. Кәсіпорын өнімдері ішкі нарыққа  және Орталық Азия елдеріне экспортқа шығаруға бағытталған. Жалпы инвестиция көлемі €70 млн деп бағаланады. Жоба 300-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Roca Group директорлар кеңесінің төрағасы Сантьяго де Гомар Рока компания Қазақстанды өңірдегі бизнесті дамытудың стратегиялық алаңы ретінде қарастыратынын атап өтті. Бүгінгі таңда Roca Group саладағы әлемдік көшбасшылардың бірі саналады. Компанияның 78 зауыты, 20 мыңнан астам қызметкері бар.

«Қазақстан – Орталық Азиядағы қатысуымызды кеңейту үшін қисынды таңдау. Біз елді бүкіл аймақ үшін тиімді жұмыс істей алатын өнеркәсіптік және логистикалық хаб ретінде қарастырамыз. Елде өндірісті дамытуға қолайлы жағдай жасалған және Қызылорда облысындағы жоба жергілікті экономиканың дамуына үлес қоса отырып, халықаралық стратегиямыздың маңызды бөлігіне айналатынына сенімдіміз», — деді Сантьяго де Гомар Рока.

Премьер-министр Олжас Бектенов өнеркәсіптік өндірісті локализациялау Үкіметтің экономиканы құрылымдық нығайту жөніндегі басым міндеті екенін атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан жақсы инвестициялық ахуал қалыптастыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі басым бағыты аясында отандық өндірісті қолдауға және сыртқы жеткізілімдерге тәуелділікті азайтуға бағытталған импортты алмастыру саясаты белсенді дамып келеді. Қазақстан мен Испания – стратегиялық серіктестер. Сондықтан біз компанияны сенімді серіктес ретінде көреміз және терең индустриялық даму үшін жоғары технологиялық өндіріс тартуды құптаймыз. Үкімет жобаның сәтті жүзеге асуы үшін қажетті көмек көрсетеді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Кездесу соңында тараптар ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі және Roca Group арасындағы инвестициялық жобаны жүзеге асыру қағидаттары туралы негіздемелік келісімге қол қойды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Бұл бастама – жас ұрпақтың табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыратын нақты әрекет

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Астанада журналистерге арналған байқау жарияланды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.