Нариман Төреғалиев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Маусым 18, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Нариман Төреғалиев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

14.06.2025
0
Нариман Төреғалиев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Бүгін медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай облыс орталығында салтанатты жиын өтті. Шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, ақ халатты абзал жандарды шын жүректен құттықтады.

Салтанатты жиында аймақ басшысы өңірдегі денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, медицина мамандарының қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті.

«Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қоғамдағы рөлі зор екенін атап өтті. Президент: «Дәрігер болу – жүректің ісі. Біз сіздердің ерліктеріңізді бағалаймыз»дей келе, ақ халатты абзал жандардың еңбегін ескеріп, мәртебесін жоғарылатты.
Облыс көлемінде де денсаулық саласын қолдау мақсатында ауқымды нақты жұмыстар атқарылып келеді», – деді Нариман Төреғалиев.

Өңір басшысы өз сөзінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облысымызда 50 медициналық нысанның құрылысы жоспарланын, оның бүгінде 38 нысаны пайдалануға берілгенін хабарлады. Қалған 12 нысанның құрылысы маусым-шілде айларында аяқталмақ.
Сонымен қатар, 2023–2025 жылдар аралығында өңірде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бағытында:
37 нысанда күрделі жөндеу жүргізілсе, тағы 5 нысанның күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай-ақ, 8 модульдік медициналық ғимарат сатып алынып, қолданысқа берілді.
2023-24 жылдары облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарына су жаңа 131 санитариялық автокөлік берілді. 405 бірлік медициналық құрал-жабдық сатып алынып, оған жергілікті бюджеттен 3 миллиард теңге қаражат бөлінген.

Жиын барысында сала үздіктеріне «Еңбек ардагері» медалі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілері, “Құрмет” грамоталары, сондай-ақ облыс әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.

Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Әке.Отбасы.Қоғам» X Республикалық әкелер форумы ұйымдастырылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Дәстүрлі садақ ату — біздің тарихи болмысымыздың ажырамас бөлігі

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.