Домбырасын қолға алғанда рухтанып, қазақ деген талантты халықтың таза болмысын көз алдыңа әкеледі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 28, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Домбырасын қолға алғанда рухтанып, қазақ деген талантты халықтың таза болмысын көз алдыңа әкеледі

26.06.2025
0
Домбырасын қолға алғанда рухтанып, қазақ деген талантты халықтың таза болмысын көз алдыңа әкеледі

«Өнер орталығында» Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың екі мәрте иегері Досхан Жолжақсынов пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қаракөз Сүлейменованың шығармашылық кеші өтті.
Шығармашылық кешті мемлекет және қоғам қайраткері,
Ұлттық музейдің директоры Берік Әбдіғалиұлы, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, аймақтың өнерсүйер жұртшылығы тамашалады.
Салтанатты шарада облыс әкімі құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық театр және кино өнерінің дамуына сүбелі үлес қосқан өнер иелеріне шығармашылық табыс тіледі.
«Досхан Жолжақсыновтың есімі аталса, әрбіріміздің көз алдымызға «Бандыны қуған Хамит» фильмі келеді. Бұл фильм қазақтың қайсар ұлы Хамиттің Отанына берілген адал бейнесімен қымбат. Душанбеде өткен кинофестивальде актер ер адам рөлін үздік сомдағаны үшін жүлде жеңіп алғанын жақсы білеміз. Қазақ киносы аталса, Шәкен Айманов, Серке Қожамқұлов, Құрманбек Жандарбеков, бүгінгі Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов есімдері ойымызда тұрады. Ардақты Досхан ағамыздың да осы қатарда өз орны бар.
Еліміздің дарынды перзенті – екі жүзден астам рөлдерді сомдаған актер. Біржан сал, Құнанбай, «Көшпенділердегі» Қалден Серен, «Алтын күздегі» Мұрат рөлдері актер Досхан Жолжақсыновтың талантын талай қиырға танытты, соңынан ерген жастарды кино алаңы мен үлкен сахнаға талпындырды. Бұл кейіпкерлер екі дәуірдің жастарын патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиеледі. Досхан Жолжақсынов белгілі актер ғана емес, шебер орындаушы ретінде де халық арасында танымал. Домбырасын қолға алғанда рухтанып, қазақ деген талантты халықтың таза болмысын көз алдыңа әкеледі», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Кеште көрермен назарына «Құнанбай» және «Біржан сал» көркем фильмдерінен үзінділер ұсынылды. Бұл туындылардағы тарихи көріністер мен ұлттық құндылықтар шығармашылық кештің мазмұнын байыта түсті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қаракөз Сүлейменова халық әндерінен шашу шашып, «Ахау керім», «Жүрші, сәулем» сынды дәстүрлі әндермен қатар, «Біз әлі кездесерміз», «Найзағай көңіл», «Махаббат арман» атты лирикалық шығармаларды орындады.
Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Досхан Жолжақсынов пен Қаракөз Сүлейменоваға қазақы дәстүрге сай құрмет көрсетіп, облыс әкімінің атынан ықылас гүлі табысталды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Кітапхананың жаңа форматта қайта ашылуы – ауылдағы мәдени өмірді жаңғырту жолындағы маңызды қадам

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.