Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЭкономика

Олжас Бектенов: Бизнес салықты әділ төлеуі керек

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте Премьер-министр журналистердің бизнестің салық міндеттемелерін әділ көлемде орындауына қатысты сауалына жауап берді. Атап айтқанда, ірі құрылыс компанияларынының салық төлеу мәселесі сөз болды.

Жыл басынан бері құрылыс саласындағы компанияларға 13,8 мың хабарлама жолданып, қосымша 116,4 млрд теңге көлеміндегі есеп берілген, оның 47,1 млрд теңгесі өндіріп алынды.

«Бизнес салық жүктемесін азайту үшін заңды түрде рұқсат етілген түрлі схемаларды қолдануда. Біздің мақсатымыз – бизнесті әділ салық төлеуге үйрету. Келер жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексі де осыған бағытталған. Біз жеңілдетілген салық режимдерін қысқартып жатырмыз: шекті мөлшерді төмендеттік және кейбір қызмет түрлерін бұл режимдерден алып тастаймыз. Мысалы, бөлшек сауда салығына жатпайтын қызмет түрлері бар. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары бөлшек сауда салығына енгізілген, бірақ бұл екі компания арасындағы мәміле болғандықтан, бөлшек сауда түсінігіне сай келмейді. Бұл егжей-тегжейлі үйлестіруді қажет етеді. Біз осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз», — деді Олжас Бектенов.

Ұқсас жаңалықтар

Зеленский Қазақстанға гуманитарлық қолдауы үшін алғыс айтты

admin_altyalash

Семей – тоғыз жолдың торабындағы шаһар

admin_altyalash

Сағындық Тоғамбай ерлер құрамасынан чемпион атанды

admin_altyalash