Семей жасыл желекті қалаға айналады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Шілде 18, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Семей жасыл желекті қалаға айналады

17.07.2025
0
Семей жасыл желекті қалаға айналады

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли таңғы сағат 7-ден бастап Семейдегі бірқатар нысандарды аралады.

Аймақ басшысы әуелі Қарағайлы ықшам ауданында салынып жатқан жаңа саябақтың құрылыс барысымен танысты.

Аумағы кең саябақта серуен жолдары, сахна, мәдени-көпшілік іс-шараларға арналған алаңдар мен демалыс аймақтары қарастырылады. Саябаққа жасыл желек отырғызылып, заманауи талаптарға сай жабдықталмақ.

Мердігер компания өкілі Мереке Берікұлының айтуынша, аумағы 5 гектар болатын саябақтың 2,6 гектарына түрлі жасыл-желек отырғызылып, автоматты суғару жүйесі орнатылады. Саябақтың орталық алаңы киіз үй пішінінде жасалып, сахна қойылады.

Саябақ туралы облыс әкіміне Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев баяндап, нысанның мәдени іс-шаралар өткізуге арналған кең қоғамдық кеңістік болатынын айтты. Жұмысты қыркүйек айында аяқтау жоспарланған.

Қазіргі уақытта саябақ құрылысына 13 арнайы техника мен 20-ға жуық жұмысшы тартылған.

Облыс әкімі мердігер компания өкілдеріне сапаға мән беріп, құрылысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

«Бұл саябақ Қарағайлы ықшам ауданы ғана емес, Энергетик кенті тұрғындарының да серуендеуіне арналған үлкен демалыс орны болады. Семейді жасыл желекті қалаға айналдыру үшін осындай саябақтардың санын көбейтетміз. Алдағы уақытта қаланың басқа саябақтарын да кезең-кезеңімен жаңартамыз. Саябақты қыркүйек айында, қала күнінің қарсаңында пайдалануға беруіміз керек», – деді аймақ басшысы.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Абаттандыру ең маңызды міндеттердің бірі, оны бірінші кезекте орындау қажет

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуы – баршамыз үшін қуанышты оқиға

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.