Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Семсерлесуден ұлттық құрама әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді

Семсерлесуден ұлттық құрама Тбилисиде өтіп жатқан әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді. Біздің құрама алғаш рет жартылай финалға шығып, қазіргі әлем чемпионы — Италия құрамасын жеңді.

Кирилл Проходов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов және Эльмир Әлімжанов финал жолдамасы үшін Токио Олимпиадасының чемпионы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапония спортшыларымен шеберлік байқасып, қарсыластарына аз ғана басымдықпен жол беріп қойды.

Қола жүлде үшін өткен тартысты кездесуде отандық спортшылар тоғыз мәрте Олимпиада чемпионы атанған Франция құрамасымен бақ сынасып, әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.

Мемлекет басшысының отандық спортқа шетелдік мамандарды тарту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында биылғы жылдан бастап семсерлесуден ерлер және әйелдер арасындағы ұлттық құрамаларда беделді бапкерлер мен кеңесшілер жұмыс істей бастады. Туризм және спорт министрлігі отандық спортқа халықаралық тәжірибені енгізу, ел спортшыларының біліктілігін арттыру, жүлде көрсеткішін жақсарту және спорт саласын дамыту бағытындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Интеллектіге салынған инвестициялар: Қазақстанда 2022-2025 жылдары ғылыми гранттарды іске асыру қорытындылары

admin_altyalash

Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету және насихаттау жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті

admin_altyalash

Президент Олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрамасының мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды

admin_altyalash