Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарКәсіпЭкономика

Таңбалаудың мақсаты – тұтынушылардың құқықтарын қорғау

2025 жылдың қыркүйек айында Қазақстанда өсімдік майын таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Тиісті бұйрыққа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі қол қойды. Бұл бастама өсімдік майын өндіру және айналым саласына заманауи цифрлық қадағалау құралдарын енгізуге бағытталған.

Пилоттық жоба аясында өсімдік майы және оның фракциялары таңбаланады. Негізгі міндет – ықтимал техникалық және ұйымдастырушылық тәуекелдерді анықтау, жекелеген процестерді жетілдіру қажеттілігін бағалау және міндетті таңбалаудың нормативтік әрі әдістемелік базасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Нарық қатысушылары жүйенің функционалын тегін сынақтан өткізе алады, таңбалауды қолданыстағы өндірістік процестерге енгізуді пысықтайды, сондай-ақ таңбалау кодтарын енгізудің әртүрлі тәсілдерін бақылау.

Таңбалаудың мақсаты – тұтынушылардың құқықтарын қорғау, өнімнің заңсыз айналымына қарсы күрес, жеткізілім тізбегінің ашықтығын арттыру және қазақстандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін күшейту.

Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша Үкімет өсімдік майын міндетті түрде таңбалауды енгізу туралы шешім қабылдайды.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

admin_altyalash

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады

admin_altyalash

Жаңадан сайланған Сенат депутаты кенеттен қайтыс болды

admin_altyalash