Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the pennews domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-includes/functions.php on line 6131
Қоршаған ортаны қорғау – жай ғана ғылым емес, бұл болашақ үшін жауапкершілік – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарКәсіпҚоғам

Қоршаған ортаны қорғау – жай ғана ғылым емес, бұл болашақ үшін жауапкершілік

Қоршаған ортаны қорғау – жай ғана ғылым емес, бұл болашақ үшін жауапкершілік. Осы жолды саналы түрде таңдаған жандардың бірі – Атырау мұнай өңдеу зауытының жетекші инженері Мөлдір Дүйсенғалиқызы Борашова.

Мөлдір Құлсары қаласындағы №1 орта мектепті жақсы нәтижемен аяқтап, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде экология мамандығын үздік бітірді. Кейін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жаратылыстану ғылымдарының магистрі атанып, ғылым жолын жалғастырды. Қазіргі таңда ол С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде PhD докторантурада білім алуда.

Еңбек жолын 2015 жылы жастар тәжірибесі арқылы бастап, экология кафедрасында оқытушы, одан соң зауытта инженер, кәсіподақ саласында мәдени-ағарту жұмыстарын үйлестіруші, музей меңгерушісі сынды түрлі бағытта өзін көрсете білді. Бұл жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі мен жан-жақтылығын айғақтайды.

2022 жылдан бері Мөлдір Атырау МӨЗ-дің Қоршаған ортаны қорғау бөлімінде жетекші инженер ретінде еңбек етуде. Кәсібіне адал, жаңашылдыққа ұмтылатын, кәсіби біліктілігін үздіксіз арттырып келе жатқан маман — жас экологтардың үлгісі.

«Қоршаған ортаны қорғау арқылы біз болашақ ұрпаққа аманат қалдырамыз. Мен үшін еңбектің мәні — табиғатқа деген жауапкершілікті сезіну және өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету», — дейді Мөлдір Борашова.

Мөлдір Дүйсенғалиқызының еңбек жолы – экология саласына жан-тәнімен берілген жандардың өмір жолы. Бүгінгі таңда ол тек зауыттың ғана емес, өңірдің де экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

admin_altyalash

Түркістан облысында 182 жасөспірім жүкті болып қалған

admin_altyalash

Астана әкімдігі газбен жүретін автобустар сатып алады

admin_altyalash