Алматыда Қала күніне орай Нұрғиса Тілендиев музейі жаңартылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Қыркүйек 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда Қала күніне орай Нұрғиса Тілендиев музейі жаңартылды

03.09.2025
0
Алматыда Қала күніне орай Нұрғиса Тілендиев музейі жаңартылды

Алматыда Қала күні мерекесі және Халық Қаһарманы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, дирижер әрі күйші Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай мемориалдық музейде қайта жаңғыртылған экспозиция ашылды.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, композитордың қызы дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева, сондай-ақ зиялы қауым мен мәдениет өкілдері жаңартылған музейді аралап көрді. Қала басшысы атап өткендей, музейдің жаңаруы мегаполистің мәдени өміріндегі маңызды оқиға болып отыр.

1979-1998 жылдары композитор отбасымен тұрған бұл үй бүгінде мемориалдық музей ретінде жұмыс істейді. Мұнда қазақ музыкасының озық туындылары дүниеге келген, шығармашылық кездесулер мен репетициялар өткен сол кезеңнің атмосферасы сақталған.

Жаңғыртудан кейін көрме залдарының аумағы 161 шаршы метрге дейін ұлғайды. Музейге заманауи мультимедиялық құрылғылармен жабдықталған екі жаңа зал қосылды. Сондай-ақ, бірегей қолжазбалар, архивтік суреттер мен композитордың жеке заттарынан тұратын сирек экспозиция ұсынылды.

Экспозициядағы ең құнды жәдігердің бірі 1934 жылы Ахмет Жұбанов сыйға тартқан аңызға айналған «Дариға-домбыра». Композитордың жары Дариға Тілендиеваның есімімен аталған қасиетті домбыра оның шығармашылық шабыт нышанына айналды. Сондай-ақ, музейде композитордың анасы сыйлаған фортепиано да сақталған.

Бұған дейін Алматы қаласы музейлер бірлестігі Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде ұлы қазақ композиторының мұрасына арналған мерейтойлық көрме өткізген болатын. Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның мерейтойлық даталар тізіміне енгізіліп, қазақ музыкасы данышпанының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі халықаралық деңгейде мойындалды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА ИНФЕКЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕ АШЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстанда Балалардың әл-ауқат индексінің тұрақты өсімі байқалды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.