Елордамызда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні аталып өтті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Қыркүйек 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елордамызда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні аталып өтті

05.09.2025
0
Елордамызда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні аталып өтті

Notice: Trying to get property 'child' of non-object in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/ContentTag.php on line 45

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы, ұлттық сананы оятқан ағартушы, Алаш қозғалысының жетекшісі.

5 қыркүйек – қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы, қазақ ғылымы мен мәдениетінің шамшырағы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Биыл көрнекті ағартушы, ғалым, қоғам қайраткерінің туғанына 153 жыл толып отыр. Сонымен бірге бұл күн елімізде Қазақстан халқы тілдері күні ретінде атап өтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Осыған орай, Астанадағы Қаламгерлер аллеясында орналасқан «Алаш қайраткерлері» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Іс-шараға жазушы, филология ғылымдарының докторы, алаштанушы Тұрсын Жұртбай, Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп, Қоғамдық кеңестің төрағасы Зұлфұхар Ғайыпов, ҚР Жазушылар одағының Астана қалалық филиалының директоры Бауыржан Бабажанұлы бастаған зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары мен қонақтары, жастар қатысты.

«Зиялы адам атаулы ең алдымен өз тегіне, өз халқына қарыздар. Ахмет Байтұрсынұлы да өмір бойы қазақ ұлты үшін қызмет етіп, «мен халқымның алдында қарыздармын» деп өткен тұлға. Алайда ұлтты алға сүйрейтін, дамытатын – осындай ұлы перзенттер.

Менің ойымша, керісінше, қазақ халқы мен қазақ тілі Ахаң алдында қарыздар. Өйткені 1911 жылға дейінгі қазақтың сөйлеу, жазу, ойлау мәнері мен одан кейінгі кезеңді салыстырсақ, арасы жер мен көктей. Ахаң қазақтың ойлау жүйесін бірізге түсіріп, сөз мәдениетін қалыптастырып, ұлттық сананы жаңа деңгейге көтерді. Ол қазақтың тілін, жазуын ғана емес, тұтас дүниетанымын жүйелеп, халықтың рухани иманын ұйытқан ұлы ұстаз болды», – дейді гүл қоюға келген алаштанушы Тұрсын Жұртбай.

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы, ұлттық сананы оятқан ағартушы, Алаш қозғалысының жетекшісі. Оның мұрасы – елдік пен бірліктің, рухани тәуелсіздіктің мәңгілік темірқазығы.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазіргі әлемге өзгеріс енгізу үшін іс жүзінде қандай да бір қадамдар қажет

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.