Алатау қаласы – стратегиялық маңызы зор жоба – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Қараша 3, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алатау қаласы – стратегиялық маңызы зор жоба

10.09.2025
0
Алатау қаласы – стратегиялық маңызы зор жоба

Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, депутат Жанарбек Әшімжан Алатау қаласына қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, Премьер-Министр Олжас Бектеновке сауал жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Депутаттың айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған Алатау қаласы – стратегиялық маңызы зор жоба.

«Бұл қала Қазақстанның келешектегі келбетін танытпақ. Онда технологиялық өрлеуге және өмір сүруге барынша қолайлы жағдай үйлесім табуы қажет», – деп Президент сөзін мысалға келтірді депутат.

Осы тұста Жанарбек Әшімжан қала құрылысы жұмыстарын жеделдету қажеттігін атап өтті.

«Қаланың құрылғанына 1,5 жыл өтсе де, көптеген жобалардың жобалық-сметалық құжаттамалары кешігуде. Оның ішінде, Заречный мен Жетіген елді мекендеріндегі аса зәру мәдениет үйлері, спорт кешені мен ауызсу жүйелеріне қатысты жобаларды тез арада жергілікті әкімдік дайындауы тиіс. Қаланың қажеттілігі үшін қайтарылған жер телімдеріне қатысты шешімін таппаған мәселелер бар», – деді депутат.

Сонымен қатар  ол Бас жоспарға сәйкес,  Алатау қаласында 168 мектеп, 219 балабақша, 102 медициналық мекеме салынуы керектігін атап өтті. Бұл аймақтағы жоғары демографиялық өсім мен әлеуметтік инфрақұрылым қажеттілігінен туындап отыр.

Депутат Президент өз Жолдауында Alatau City жобасын жүзеге асыру бойынша әлемдік Шэньчжэнь жаһандық технополисін салуға қатысқан ірі компаниялармен келісімге келгені жөнінде айтқан сөзін еске салып өтті. Сондықтан орталық мемлекеттік органдар тарапынан жобаны іске асыруға институционалдық қолдау көрсетіліп, инвесторлар үшін толыққанды жағдай жасалуы қажет.

«Алатау қаласы Қазақстанның келешектегі заманауи келбетін танытатын, технологиялық өрлеуге және өмір сүруге барынша қолайлы жағдайы жасалған әлемдік деңгейдегі технополис болуы тиіс. Бұл – Президентіміздің іргелі бастамасы», – деді халық қалаулысы.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Конго Президентін қарсы алды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

МСАК медицина қызметкерлерін ынталандырудың жаңа жүйесі созылмалы аурулардың профилактикасына бағытталған

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.