Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар ҚР Президентінің Жолдауын талқылады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Қыркүйек 18, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар ҚР Президентінің Жолдауын талқылады

17.09.2025
0
Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар ҚР Президентінің Жолдауын талқылады

Елордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылауға арналған үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің кездесуі өтті.

Іс-шараның мақсаты – Жолдауда айқындалған міндеттердің жүзеге асырылуындағы азаматтық қоғамның рөлін анықтау, сондай-ақ ҮЕҰ-ды қоғамдық процестерге одан әрі тарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Талқылау барысында қатысушылар Президенттің жастарды қолдау, азаматтардың құқықтарын қорғау, өңірлерді дамыту, экология және елдің зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған бастамаларының маңыздылығын атап өтті. Ұйымдар өкілдері Жолдау мемлекет пен қоғам арасындағы диалог үшін нақты бағдар беретінін және ҮЕҰ оның практикалық іске асырылуына өз үлесін қосуға дайын екенін баса айтты.

Президент Жолдауында атап көрсетілгендей, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау – мықты мемлекеттің негізі.

– «Президент Жолдауы Қазақстанның болашағы үшін негізгі басымдықтарды айқындайды. Бұл мақсаттарға жетуде азаматтық қоғамның белсенді қатысуы маңызды. Әсіресе, заң үстемдігі мен адам құқықтарын қорғауға баса назар аударылғаны ерекше мәнге ие, өйткені бұл қоғамның мемлекеттік институттарға деген сеніміне тікелей әсер етеді», – деді «Human Rights Lawyers» ҚҚ директоры Ләззат Рақышева.

Жолдауда өңірлерді дамытуға және ауыл жастары үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға ерекше көңіл бөлінген.

– «Өңірлік жобаларды дамытуға және ауыл жастарын қолдауға ерекше назар аудару қажет. Жолдауда инфрақұрылым сапасын арттыру, жұмыс орындарын құру және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту шаралары белгіленген. Мұның бәрі ауыл жастарына туған жерінде өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті «Қазақстан азаматтық альянсы» ЗТБ директоры Нұрас Ералы.

Сонымен қатар, Жолдауда адами капиталды және елдің зияткерлік әлеуетін дамыту міндеті де айқындалған.

– «Қазақстан үшін отандық зияткерлік өнімдерді дамыту және жергілікті мамандардың рөлін күшейту аса маңызды. Президент сапалы білім, ғылым мен инновацияның елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізі екенін атап өтті. Бұл бағыт жаңа идеялар мен стартаптарға жол ашады», – деді «Болашақ Қазақстанға» ҚБ жетекшісі Бибінұр Шербаева.

«Ашық микрофон» форматында ҮЕҰ азаматтық белсенділікті кеңейту, әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру және инклюзивті ортаны дамыту бойынша ұсыныстарын білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Президент бастамаларын қолдап, азаматтық қоғамды нығайту және Жолдау басымдықтарын жүзеге асыру бағытында жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді.

Кездесудің ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы. Айта кету керек, Орталық – еліміздегі үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттардың бірыңғай операторы болып табылады.

Жыл сайын осы механизм арқылы білім беру, экология, жастар саясаты, азаматтардың құқықтарын қорғау және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған басқа да салалар бойынша әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру үшін 100-ден астам грант бөлінеді.

 

Астана, 2025 жылғы 17 қыркүйек.

Қосымша ақпарат үшін байланыс:

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ

Телефон: +7 776 186 9155

E-mail: info@cisc.kz

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Шымкентте Қазақстан кітапханалар одағының көшпелі отырысы өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Барлық су тасқыны жойылды, көлік қозғалысы қалпына келтірілді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.