Қазақстан Дүниежүзілік пошта одағының Пошталық операциялар кеңесіне мүше болды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Қазан 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан Дүниежүзілік пошта одағының Пошталық операциялар кеңесіне мүше болды

20.09.2025
0
Қазақстан Дүниежүзілік пошта одағының Пошталық операциялар кеңесіне мүше болды

фото:365info.kz

Дүниежүзілік пошта одағының* (ДПО) 28-ші Конгресі аясында, Дубай қаласында өткен сайлау нәтижесінде Қазақстан Пошталық операциялар кеңесіне мүше болып сайланды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша еліміз 110 дауыс жинап, Шығыс Еуропа мен Солтүстік Азия өңірінен сайланған алты мемлекеттің қатарына енді. Қазақстанмен бірге Кеңеске Болгария, Польша, Сербия, Украина және Әзербайжан кірді.

Пошталық операциялар кеңесі – ДПО-ның негізгі құрылымдарының бірі. Ол халықаралық пошта стандарттарын әзірлеу мен енгізуге, электрондық сауданың трансшекаралық ағымдарын дамытуға, цифрландыруға және жаһандық пошта логистикасының сапасын арттыруға жауапты.

Қазақстанның осы Кеңеске сайлануы – елімізге деген әлемдік қауымдастықтың жоғары сенімін білдіреді. Бұл қадам еліміздің жаһандық пошта күн тәртібін қалыптастырудағы рөлін күшейтіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Қазақстан алдағы уақытта осы алаңды заманауи цифрлық шешімдерді ілгерілетуге, трансұлттық электрондық коммерцияны дамытуға, пошта қызметтерінің тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ өңірлік және халықаралық әріптестікті нығайтуға белсенді пайдалануды көздеп отыр.

 

*Анықтама үшін: Дүниежүзілік пошта одағы (Universal Postal Union) – 1874 жылы құрылған пошта саласындағы ең көне әрі ірі халықаралық ұйым. 1948 жылдан бері Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі болып табылады. Бүгінде оған 192 мемлекет мүше, бұл ұйымды пошта алмасудың ғаламдық стандарттары мен қағидаларын қалыптастыратын маңызды халықаралық алаңға айналдырады.

 

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алматыда қала күні қарсаңында BACKSTREET BOYS концертіне дайындық: қауіпсіздік күшейтіліп, жаңа станданттар енгізіледі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бастаманың мақсаты — ауылдық тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін арттыру

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.