Бәсеке заманында біліктілігі жоғары маман озады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Қазан 23, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бәсеке заманында біліктілігі жоғары маман озады

21.10.2025
0
Бәсеке заманында біліктілігі жоғары маман озады

 

Еңбек нарығында біліктілігі жоғары, қандай да бір дағдыларды меңгерген, бәсекеге қабілетті мамандар әрдайым сұраныста болады. Иә, ол үшін кез келген мекеме, кәсіпкерлікпен айналысатын ұйым жұмысшының біліктілігін үнемі арттырып отырғаны жөн. Еңбекке сұраныс жоғары болып тұрған шақта өз ісін жақсы білетін маман қандай қасиеттерге ие болғаны дұрыс? Біз бұл туралы «Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің сарапшысы Әділ Мергенбаевтан сұрап көрдік.

– Әділ мырза, департаменттің негізгі жұмыс бағыты қандай? Алдымен осы сұраққа жауап берсеңіз.

– Департамент жұмысының негізгі бағыттары жеке білім беру ұйымдарының,    яғни, балабақша, мектеп, колледж, жоғары оқу орындары сынды мекемелердің мүдделерін қорғау, дуалды оқытудың Жол картасын іске асырумен байланысты. Оның ішіне тәлімгерлерді оқыту, кадрларға қажеттілік бойынша сауалнама өткізу, кәсіптік бағдар беру жұмыстары кіреді. Кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, НҚА қарау және сараптау, білім беру салаларын дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдар, Парламент және Үкімет жанындағы жұмыс топтарына қатысамыз. Ұлттық біліктілік жүйесінің барлық элементтерін дамытуға қатысып, жұмыс орнында оқыту, біліктілікті растау және берумен айналысамыз.

– Адами капиталды дамыту департаменті кәсіпкерлік саласындағы кадрлық әлеуетті арттыру үшін қандай қадамдарға барып жатыр? Инновация, экономика талаптарына сәйкес кәсіптік білім берудің сапасы мен бәсекеге қабілетін арттыруда қандай жұмыстар атқарылды?

–Осыған дейін еңбек нарығының мониторингі және еңбек нарығының қажеттілігін болжау жүргізілді. Ұлттық және халықаралық стандарттарға (World Skills, ESCO т.б.) сәйкес, құзыреттердің профильдері әзірленді және енгізілді. Кадрлық қамтамасыз ету үшін басым салалар анықталды. Оның ішінде инженерия, экотехнология, биомедицина, цифрлық өндіріс сынды бағыттар бар. Цифрландыру мен инновациялық технологияларды ескере отырып, білім беру стандарттары жаңартылды. Жобалық оқытуға, нақты өндірістік тәжірибеге бағытталған модульдік және тәжірибеге бағытталған бағдарламалар енгізілді.

– Цифрлық білім беруде қандай ресурстар мен платформалар әзірленді?

–  Дуальды оқыту бойынша 2025 жылы оқушыларға 1000-нан астам экскурсия өткізілді. Дуальды оқыту жүйесін енгізу жол картасы бойынша 34 сала, 131 мамандық және 181 біліктілік бойынша 9 439 кәсіпорын қамтылды. 460 ұйыммен жасалған 94 241 шартқа сәйкес, студентті кадрларды бірлесіп даярлау бойынша шарттар қабылданды. 2023 жылдан беріге дейін өндірісте 3321 тәлімгер оқыды. 606 кәсіби стандарт бекітілді. 25 сертификаттау орталығы құрылды. 33 мыңнан астам маман сертификат алды.

–Түйіндей келе, бүгінгі бәсекеге қабілетті маман қандай болуы керек деп ойласыз? Жастар өз саласының шебері болуы үшін қандай дағдыларды игергені дұрыс?

– Қазіргі заманның бәсекеге қабілетті маманы – бұл тек өз саласы бойынша білім алған адам емес. Бұл – тез өзгеріп жатқан жағдайларға бейімделе алатын, жаңашылдықты енгізіп, цифрлық және инновациялық экономика жағдайында тиімді әрекет ете білетін тұлға. Маман өз саласы бойынша терең білімге ие болып, заманауи технологиялар мен құралдарды меңгеріп, қолдана білуі қажет. Технологиялар үнемі дамып отырғандықтан, маман цифрлық платформалармен, кеңселік және салалық бағдарламалармен жұмыс істей алуы қажет. Сонымен қатар, үлкен деректермен жұмыс істеуді, жасанды интеллект пен автоматтандыруды өз қызметінде қолдана білуі маңызды. Цифрлық қауіпсіздік қағидаларын сақтау да ерекше мәңге ие. Бәсекеге қабілетті маман эксперимент жасауға, инновация енгізуге, жаңа өнімдер мен технологияларды жасауға дайын болуы тиіс. Сондай-ақ маман үздіксіз білім алуға ұмтылуы керек. Өйткені, еңбек нарығына, заман талабына сай болу – табысты болудың басты кілті.

 

altyalash.kz

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ӘР ӨҢІРДІ БІР САЛАҒА ШОҒЫРЛАНДЫРУ ҚАЖЕТ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жастарды айыптай беру суицидке итермелейді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.