ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ФЕРМЕРГЕ ЖҮКТЕЙТІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ДЕ МОЛ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Қазан 27, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ФЕРМЕРГЕ ЖҮКТЕЙТІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ДЕ МОЛ

25.10.2025
0
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ФЕРМЕРГЕ ЖҮКТЕЙТІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ДЕ МОЛ

фото:ашықдереккөз

Қазақстан ауыл шаруашылығының болашағын цифрландырумен тығыз байланыстырып отыр. Соңғы жылдары бұл салада жасанды интеллект, спутниктік мониторинг және смарт-технологиялар белсенді енгізілуде. Мұның барлығы өнімділікті арттырып, шығынды азайтуға бағытталған. Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының стратегиялық саласы. Сондықтан цифрлық шешімдерді жүйелі түрде енгізу еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудың да маңызды тетігі болып саналады.

Жақында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев Сенаттағы баяндамасында агросектордың цифрлық трансформациясына ерекше тоқталған болатын.

“Қазір фермерлерге арналған жасанды интеллект көмекшісі іске қосылуда. Ол субсидиялар мен мемлекеттік қолдау туралы нақты кеңес береді. Сонымен бірге “Электронды агроөнеркәсіптік кешен” (е-АПК) экожүйесін құру жұмысы жүріп жатыр. 2028 жылға қарай ауыл шаруашылығы жерлерінің кемінде 50 пайызы Smart Farming технологияларымен қамтылып, өнімділік 20-25 пайызға артады. Ал мал басының 90 пайызы RFID-белгілер арқылы таңбаланып, ИИ-мониторинг жүйесіне қосылады. Бұл елдің азық-түлік қауіпсіздігін күшейтеді”, – деді министр.

Оның айтуынша, бүгінде мемлекеттік органдармен бірлесіп 72 саланы қамтитын 20 цифрлық трансформация картасы дайындалған. Бұл тәсіл өңірлерде цифрландыру көрсеткіштерін жүйелі түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Агросектордағы цифрландырудың нақты мысалдарының бірі – Павлодар облысындағы “Дәнекер” шаруа қожалығының тәжірибесі. 2010 жылы құрылған бұл шаруашылық бастапқыда мал шаруашылығымен айналысқанымен, кейіннен картоп және дәнді дақылдар өсіруге маманданған. Соңғы жылдары олар Cropwise атты заманауи цифрлық платформаны енгізіп, агробизнестің тиімділігін арттыруда.

Cropwise – спутниктік мониторинг пен деректерді талдауға негізделген жүйе. Ол әрбір гектар жердің жағдайын нақты уақыт режимінде бақылауға, топырақ ылғалдылығын, тыңайтқыш мөлшерін және зиянкестер қаупін болжауға мүмкіндік береді. Жүйе енгізілген соң “Дәнекер” шаруашылығында  GPS және жанармай датчиктері орнатылып, техника қозғалысы мен шығындары толық бақылауға алынған. Бұл шешім жанармай мен тыңайтқыш шығынын едәуір қысқартып, өнім сапасын арттырған.

Шаруашылық басшылығының айтуынша, жүйені үйрену көп уақыт алмайды, орта есеппен 2-4 күн ғана. Бірақ кадр тапшылығы басты мәселеге айналып отыр. Цифрлық жүйемен тұрақты жұмыс істейтін мамандардың жетіспеуі ауылдық жерлерде әлі де өзекті болып отыр. Осыған байланысты компания сыртқы серіктестермен бірлесіп, қашықтан деректер енгізу және талдау тәжірибесін енгізген.

Нәтижесінде шаруашылықтың өнімділігі артып, шығындарды жоспарлау дәлірек бола бастаған. Мысалы, картоп егу және жинау науқандары кезінде жүйе нақты ауа райы болжамын ескеріп, суару мен өңдеу кестесін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бұл химиялық заттар мен судың артық жұмсалуын азайтып, жердің құнарлылығын сақтауға септігін тигізеді.

Мұндай тәжірибе Қазақстанның агросекторындағы цифрландыру үдерісінің әлеуетін айқын көрсетеді. “Дәнекердің” мысалы тек жеке табыс қана емес – ауыл шаруашылығында цифрлық трансформацияның қаншалықты тиімді бола алатынын дәлелдейді.

Алдағы жылдары мемлекет пен фермерлердің күш біріктіруі ауыл шаруашылығын сапалы жаңа деңгейге шығара алады. Цифрландыру тек технология емес – бұл аграрлық салада ойлау жүйесінің өзгеруі. Смарт-технологияларды меңгерген фермер – ертеңгі тұрақты экономиканың негізі.

 

altyalash.kz

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қызылорда облысында Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Патриоттық есімдер

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.