Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Астаналық спортшы Қытайда өткен турнирде екі медаль жеңіп алды

Елордалық гимнасшы Айғаным Рысбек халықаралық турнирде күміс пен қола жүлде иегері атанды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қытайдың Бейжің қаласында өткен халықаралық турнирде ел намысын қорғаған астаналық жас гимнасшысы Айғаным Рысбек тамаша нәтиже көрсетіп, екі жүлделі орынға ие болды.

Аталмыш жарысқа 30 елдің үздік гимнасшылары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Айғаным жоғары шеберлік танытып, доп жаттығуы бойынша 24,25 балл жинап, қола медаль, ал лентамен орындаған бағдарламасы үшін 25,75 балл жинап, күміс медаль иеленді.

Айғанымның жаттықтырушысы – Меруерт Балғынбаева, ал хореографы — Сая Айдыс.

Ұқсас жаңалықтар

Қандасымыз Дубайда өткен халықаралық фестивальден жүлделі оралды – шетелдегі қазақ баспасөзі

admin_altyalash

Қазақстан гуманитарлық миссияны қолдайды: АҚИҰ Газаға алғашқы көмек легін жіберді

admin_altyalash

Аймақтық ынтымақтастықты дамытуға серпін бермек

admin_altyalash