Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ДенсаулықЖаңалықтар

Астанада инфекциялық стационар төсектер санын 550-ге дейін ұлғайтуға дайын

Астанада маусымдық ЖРВИ мен тұмаудың өршуі кезеңінде балаларға арналған инфекциялық стационардағы төсектердің жүктемесі туралы №3 көпбейінді балалар ауруханасының директоры Марат Қарсыбекұлы Абдуов мәлімдеді.

Оның айтуынша, стационар 288 төсекке есептелген, алайда пациенттердің көбеюіне байланысты төсек қоры 453-ке дейін кеңейтілді, оның ішінде 243 төсек — вирустық инфекциясы бар балаларға арналған.

Тәулік сайын стационардың қабылдау бөліміне 450–500-ге дейін жүгіну тіркеледі. Солардың тек 20–25%-ы ғана емдеуге жатқызуды қажет етеді. Қалғандарына үй жағдайында емделу үшін дәрігердің тиісті ұсынымдары беріледі.

«Біздің инфекциялық стационар төсектер санын 550-ге дейін ұлғайтуға дайын, сырқаттанушылық өскен жағдайда қолданылатын резервтеріміз бар, дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілгенбіз»,

– деп атап өтті инфекциялық аурухананың басшысы.

Сонымен қатар ол ата-аналарды стационардың қабылдау бөлімінде жиналмауға шақырды, себебі бұл өзге инфекциялармен айқаспалы жұқтыру қаупін арттырады.

Ауру белгілері пайда болған жағдайда тұрғындарға өз учаскелік дәрігерлеріне, фильтр-кабинеттерге, емханалардың шұғыл көмек бөлімшелеріне жүгіну немесе мобильді бригаданы шақыру ұсынылады.

Ұқсас жаңалықтар

Дулати университетінде жаңа ғылыми-зерттеу зертханасы ашылды

admin_altyalash

Бұл жетістік – жас жеткіншектердің тынымсыз еңбегінің, жетекшінің кәсіби шеберлігінің, сондай-ақ ата-аналар мен білім ордасының жан-жақты қолдауының нәтижесі

admin_altyalash

Олжас Бектенов: Бизнес өзін нық сезініп, өндірістерін кеңейту және болашаққа инвестиция салу мүмкіндігіне ие болуы керек

admin_altyalash