Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСаясат

Президент Оман Сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саид пен оның отандастарын сұлтандықтың Ұлттық күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы еліміз Оманды араб әлемі мен Таяу Шығыстағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі деп қарастыратынын жазды.Сонымен қатар Астана мен Масқат арасындағы достыққа, өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қатынастардың тұғыры биік, әлеуеті зор екеніне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың жауапты қызметіне толағай табыс, ал Оман халқына құт-береке тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

TÚRKISTAN – жасампаздықтың жаршысы

admin_altyalash

Жаңа жыл қарсаңында жедел жәрдем қызметі 56 мыңнан аса шақыртуға қызмет көрсетті

admin_altyalash

Жамбыл облысында мектеп әкімшілігі оқушыға түсік жасатқан

admin_altyalash