Астанада «Қазақстан Республикасындағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» ұлттық баяндамасы таныстырылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Қараша 26, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астанада «Қазақстан Республикасындағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» ұлттық баяндамасы таныстырылды

26.11.2025
0
Астанада «Қазақстан Республикасындағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» ұлттық баяндамасы таныстырылды

Астанада Қазақстандық қоғамдық даму институты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша дайындалған «Қазақстан Республикасында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» ұлттық баяндамасын таныстырды.

Іс-шара әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықпен күресуге арналған «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық науқаны аясында өтті. Бұл науқан 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында БҰҰ бастамасымен бүкіл әлемде өтеді. Мақсаты – зорлық-зомбылық проблемасына назар аудару, жәбір көрген адамдарды қолдау және қоғамды ақпараттандыру.

Басқосуға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ғылыми-сараптамалық қауымдастық өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов сөз сөйлеп, баяндаманың мәні мен маңызына тоқталды.

Іс-шара барысында Ұлттық баяндаманың негізгі нәтижелері таныстырылып, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ отбасын қорғауға бағытталған мемлекеттік органдардың, отбасын қолдау орталықтарының, дағдарыс орталықтары мен қоғамдық ұйымдардың рөлі талқыланды.

Баяндама деректерін сарапшылар мен мемлекеттік органдар негізге ала отырып, кеңінен пайдаланады. Ал онда көрсетілген ұсынымдар стратегиялық және нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде ескеріледі.

Кейінгі жылдары тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбының ауқымы артып, ведомствоаралық мәселе мен қоғамдық талқылаудың өзегіне айналды.

2024 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістер бірқатар әкімшілік құқықбұзушылықтарды қылмыстық санатқа ауыстырып, жәбірленушілерді қорғауды күшейтті.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңда агрессорлар үшін міндетті түзету бағдарламалары қарастырылған, сондай-ақ Отбасын қолдау орталықтарының функциялары бекітілген.

Заң аясында министрлік Отбасын қолдау орталықтарының қызметін үйлестіріп, оларға әдістемелік бағыт береді.

Бұл орталықтар мемлекеттік отбасылық саясатты іске асырады, соның ішінде отбасын сақтау, жанұядағы жанжалдарды шешу, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсету, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары бар.

Заң қабылданғаннан кейін Отбасын қолдау орталықтарының саны төрт есе өсіп, 33-тен 131-ге жетті.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Бәйтерек» холдингін құрылымы және мазмұны жағынан қайта құру: Директорлар кеңесі инвестициялар тарту бойынша міндеттемелерді бекітті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Кең дала 2» бағдарламасы фермерлерге жаңа ауыл шаруашылығы маусымына алдын ала дайындалуға мүмкіндік беретін стратегиялық шешім

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.