Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетӨнер

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ерлан Төлеутайды халықаралық марапаттарымен құттықтайды

12-22 қараша аралығында Ирландияның Дублин қаласында өткен XIII Silk Road International Film Festival қорытындысы бойынша режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмінде басты рөлді сомдаған Ерлан Төлеутай «Үздік актер» жүлдесін иеленді. Сонымен бірге Парижде өткен қазақ киносы фестивалінде де актердің еңбегі жоғары бағаланып, «Үздік актер» атанды. Бұл отандық кинематография үшін қуанышты әрі маңызды жаңалық.
Аталмыш марапат қазақстандық киноға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын және отандық актерлердің кәсіби деңгейінің жоғары екенін көрсетеді. «Әбіл» фильмі де, басты рөлді сомдаған актер де Қазақстан киносының әлемдік мәдени кеңістікте лайықты деңгейде таныла алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі фильмнің шығармашылық тобына ұлттық кинематографияны дамытуға және қазақстандық өнерді шетелде насихаттауға қосқан маңызды үлесі үшін шынайы алғыс білдіреді.

Ұқсас жаңалықтар

Бұл бір күндік акция емес – бұл барша қоғам болып атсалысатын маңызды міндет

admin_altyalash

Димаш Құдайбергенге шетелдегі жанкүйерлері ерекше тосынсый жасады

admin_altyalash

Шенеунік тәртіптік жазаға тартылды

admin_altyalash