Ақтау қаласында Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және ЖҚАЖ қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткіні заңсыз сақтады деген күдіктіні ұстады.
Жеке тінту барысында күдіктіден салмағы 2 келіге жуық альфа-PVP синтетикалық есірткісі салынған 4 полиэтилен пакет тәркіленді. Жедел іс-шараларды жалғастыру барысында Ақшұқыр аумағында орналасқан 15 ықтимал орын тексерілді.
Соның ішінде 8 жасырын орыннан жалпы салмағы 128,92 грамм есірткі табылды, қалған 7 орын бос болған. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта іс бойынша барлық қажетті жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.