Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғам

Жетісу облысында патрульдік полиция шетелдік азаматтарға көмек көрсетті

Алматы – Өскемен трассасында патрульдік полиция шетелдік азаматтарға көмек көрсетті. Үшарал ауылы маңында патрульдік полиция экипажы жол жиегінде тоқтап тұрған көлікті байқап, тексерді.

Көліктің мемлекеттік нөмірі Қытай Халық Республикасына тиесілі болды. Ерлі-зайыптылар — Қытай Халық Республикасының азаматтары, олар Семей өңірінен Алматыға бағыт алған. Анықталғандай, көліктің дөңгелегі жарамсыз болып, жақын маңда көмек көрсету мүмкіндігі болмаған.

Патрульдік полиция инспекторлары Азамат Алмасұлы мен Рымжан Кервен дөңгелекті ауыстырып, көлікті жақын маңдағы шиномонтажға жеткізді. Осылайша, полицейлер шетелдік азаматтарға көмектесіп, олардың алғысын алды.

Ұқсас жаңалықтар

БАКУДЕ ҚАЗАҚСТАН-ӘЗІРБАЙЖАН АГРАРЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

admin_altyalash

Маңғыстау облысының Бесшоқы ауылында балалардың улану себептерін тексеру – Үкіметтің бақылауында

admin_altyalash

Делегация мүшелеріне сайлаушылар көрмесі таныстырылды

admin_altyalash