WorldSkills Kazakhstan 2025 ұлттық чемпионаты аяқталды: үздік қатысушылар марапатталды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Желтоқсан 12, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

WorldSkills Kazakhstan 2025 ұлттық чемпионаты аяқталды: үздік қатысушылар марапатталды

10.12.2025
0
WorldSkills Kazakhstan 2025 ұлттық чемпионаты аяқталды: үздік қатысушылар марапатталды

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Астанада өткен WorldSkills Kazakhstan 2025 ұлттық чемпионаты өз мәресіне жетті. Шара барысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің үздік студенттері мен жас мамандары марапатталды.

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылының негізгі міндеттерінің бірі жұмысшы мамандықтардың беделін және жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында Оқу-ағарту министрлігімен кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Бұл бағыттағы тиімді құралдардың бірі ретінде бүгін Астана қаласында қорытындыланған республикалық WorldSkills Kazakhstan чемпионаты – жас мамандарды, педагогтерді, салалық сарапшыларды және бизнес қауымдастықты біріктірген маңызды алаңға айналды.

Чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен 800-ден астам колледж студенті қатысты. Биылғы чемпионат колледж студенттері арасындағы бәсекелестікті күшейтіп, олардың кәсіби даярлығын жаңа сапалық деңгейге көтерді.

«WorldSkills Kazakhstan – еліміздегі кәсіби білім сапасының негізгі индикаторы және дағдылар мен құзыреттіліктердің басты шеберлік алаңы. Биыл чемпионат 45 құзыреттілік бойынша өтті. Біз колледж студенттерінің кәсіби даярлығының артқанының куәсі болдық. Жыл сайын қатысушылар мен құзыреттілік санының артуы кәсіби шеберлік додасына қызығушылықтың артқанын көрсетеді. Биыл қатысушылар саны 1,5 есе өсті. Бұл чемпионатта біз жас мамандардың шынайы шеберлігін, еңбексүйгіштігін және кәсіби батылдығын көрдік. Бұл чемпионат жас мамандарға серпін мен сенім береді», – деді Шынар Ақпарова.

Чемпионат қорытындысы бойынша жалпы медальдар саны 53 алтын, 55 күміс, 59 қола медальды, сондай-ақ 213 «Ерекшелік» медальондарын құрады.
Жалпыкомандалық есепте Алматы қаласы – 60 баллмен бірінші орынға шықты.
Павлодар және Ақмола облыстары – 56 баллмен екінші орынды бөлісті.
Ал Түркістан мен Қарағанды облыстары – 55 баллмен үшінші орынға тұрақтады.

2025 жылғы чемпионаттың басты жаңалығы – еңбек нарығындағы сұраныс пен технологиялық трендтерге сай 15 жаңа құзыреттіліктің енгізілуі болды.

X Республикалық чемпионаттың жеңімпаздары Қазақстанның ұлттық құрамына қосылып, 2026 жылы Қытайда өтетін WorldSkills International чемпионатында ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, Чемпионат Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен және «Talap» КеАҚ ұйымдастыруымен өткізілді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ІІМ-де “Үздік маман – 2025” республикалық слеті өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Батыстан Шығысқа дейін» атты музыкалық кеш өтті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.