ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Желтоқсан 20, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

19.12.2025
0
ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов Қызылордадағы арбат бойына орнатылған жаңажылдық шырша шамын жағу рәсіміне қатысты.
Аймақ басшысы тұрғындарды алдағы Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
«Бірнеше күннен соң тарих қойнауына енетін 2025 жыл өңіріміз үшін аса маңызды оқиғаларға толы болды. Қазан айында Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келіп, жаңадан салынған әлеуметтік,өндірістік нысандарға, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Астана мен Алматы қалаларындағыдай тәулік бойы қызмет көрсететін үшінші Президенттік кітапхана Қызылордада ашылатынын жеткізді. Бұл бастаманы жерлестеріміз зор қуанышпен қабылдады.
Мемлекет басшысының, Үкіметтің ерекше қолдауымен Қызылорда облысының экономикасын әртараптандыруға, тұрғындарымыздың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған серпінді жобалар жалғасын тапты. Аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасты.Өткен 11 айдың қорытындысымен негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімі қамтамасыз етілді.
Аймақ бюджеті 851 млрд. 300 млн. теңге болып, 2021 жылдан бері 246 пайыз өсті. Оның 56 пайызы әлеуметтік салаға бағытталды. Даму бюджетінің көлемі 2021 жылы 47 млрд. теңге болса, биыл 207 млрд. теңгеге жетіп, 4,4 есе артты.
Бұл қаражат тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін баспанамен қамтуға, инфрақұрылымды қайта жаңғыртуға бағытталуда.
Алдағы жылға да ауқымды жобаларымыз жетерлік. Енді аз күнде мәресіне жететін өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп. Алдымызда айқын міндет, анық жоспарымыз бар.
Еліміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!», – деді Н.Нәлібаев.
Жаңажылдық шырша шамын жағу құрметі облыс әкіміне және өнер, білім, спорт саласының үздіктеріне берілді.
Мерекелік іс-шара көңілді концертке ұласып, жергілікті өнерпаздар ән-жырдан шашу шашты.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МӘМС ЕСЕБІНЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЕҢ КҮРДЕЛІ ӘРІ ҚЫМБАТ ТОП-10 ОПЕРАЦИЯНЫ АТАП ӨТТІ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.