Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарҒылым-БілімЖаңалықтар

Алматы сапалы білім мен қолжетімді денсаулық сақтауға инвестиция құйып отыр

Алматының әлеуметтік дамуы қала үшін басым бағыт болып қала береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында мегаполис әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, Алматыда білім беру және медициналық мекемелер желісін кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Жақын уақытта 16 жаңа балабақшаны пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар жекеменшік балабақшаларда 10 000 қосымша орын ашу үшін мемлекеттік тапсырыс орналастырылады. Аталған шаралар 2030 жылға қарай 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуды 99 пайызға жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ «Алматы мектеп стандартына» сәйкес оқушы орындарының тапшылығын кезең-кезеңімен азайту мақсатында алдағы бес жылда 16 мектеп пен 7 қосымша ғимарат салу көзделген.

«Денсаулық сақтау саласында бірыңғай стандартқа сәйкес қаладағы 475 мың тұрғынды медициналық қызметпен қамтитын медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін 11 нысан салынады. Сонымен қатар 3 перзентхананың, 2 заманауи стационардың, сондай-ақ 250 орынға арналған хоспис пен СПИД орталығының құрылысы басталады. Медициналық инфрақұрылымды жаңғырту мақсатында 4 негізгі стационар мен 2 клиникалық ауруханаға ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, 1,5 млн тұрғынды қамтитын 16 қосымша жедел медициналық жәрдем станциясы салынады», – деді Дархан Сатыбалды.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда қала күні қарсаңында BACKSTREET BOYS концертіне дайындық: қауіпсіздік күшейтіліп, жаңа станданттар енгізіледі

admin_altyalash

Олжас Бектенов: «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық қозғалысқа және қазақстандықтардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлшегіне айналды

admin_altyalash

Ақтөбеде Қазақстандағы ономастика саласын жетілдіру мәселелері қаралды

admin_altyalash