Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыҒылым-БілімЖаңалықтар

Он тілде еркін сөйлейтін жас полиглот Қазақстанда тұрады

11 сынып оқушысы Әсел Абдурахимова 10 тілде еркін сөйлейді. Кішкентайынан әлем тілдерін меңгеруге қызығушылық танытқан Әсел орыс, француз, ағылшын, қытай тілдерін әуелі өз бетінше интернеттен ізденіп, үйренген.

Кейін арнайы тіл курстарына қатысып, испан, өзбек, итальян және жапон тілдерін меңгереді. Әлем елдерінің мәдениеті мен тіліне қызыққан Әсел бірінші сыныпта әлем елдерінің астаналарын жатқа айтатын болды, үшінші сыныптан бастап француз тілін үйрене бастайды.

Бүгінде Әсел тәжік (ана тілі), өзбек (C1), қазақ (C1), орыс (C1), ағылшын (C2), француз (C1), қытай (B1), испан (A2), итальян (A2) және жапон (N4) тілдерінде еркін сөйлейді. Қытай тілі бойынша халықаралық HSK 3 деңгейі (B1) емтиханын тапсыруға дайындалып жүр.
«Мен жиһанкез болуды, аралаған әр елдегі адамдармен өз тілінде еркін сөйлесуді армандаймын. Әр тіл жаңа мәдениетке жол ашатын кілт іспеттес. Бұнымен тоқтап қалмаймын, алдағы уақытта араб тіліне ден қойып, БҰҰ-ның алты ресми тілін толық меңгергім келеді», – дейді жас полиглот Әсел.

 

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда «Ұлы дала ойындары» өтті

admin_altyalash

Үкімет барлық қаржыны басты басымдықтарға сай бөлуі керек

admin_altyalash

Абай облысында «Смарт қала» жобалары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады

admin_altyalash