ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҮШ БІРДЕЙ ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ПУНКТ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Қаңтар 16, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҮШ БІРДЕЙ ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ПУНКТ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

15.01.2026
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҮШ БІРДЕЙ ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ПУНКТ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ
Жаңа жыл Мақтаарал ауданы үшін жағымды жаңалықтармен басталып жатыр. Аудан аумағында бір күнде үш бірдей фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) пайдалануға беріліп, ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметтің қолжетімділігі артты.
Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Өнімкер, Ырысты және Қарақыр ауылдарында салынған жаңа медициналық нысандардың ашылу салтанатына аудан әкімі Бақыт Асанов қатысып, жергілікті тұрғындарды қуанышты сәтпен құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде ауыл халқының денсаулығын жақсарту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтіп, жаңа ФАП-тардың ел игілігі үшін ұзақ жылдар бойы қызмет ететініне сенім білдірді.
Жаңа медициналық пункттер мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ/ГЧП) аясында салынған. Құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген талаптарға сай жүзеге асырып, ғимараттарды толық медициналық құрал-жабдықтармен қамтып, пайдалануға берген мердігер – «QAZ Goodwill» ЖШС.
ФАП ғимараттары модульді үлгіде салынған, заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған. Мұнда ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсетуге, профилактикалық тексерулер жүргізуге және ана мен бала денсаулығын бақылауға толық мүмкіндік бар.
Салтанатты шара барысында ауыл ақсақалдары мен тұрғындар аталмыш жобаның жүзеге асуына қолдау көрсеткен облыс және аудан басшылығына, сондай-ақ «Мырзакент» аудандық ауруханасының бас дәрігеріне ризашылықтарын білдірді.
Соңғы жылдары Мақтаарал ауданындағы ауылдық елді мекендерде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Соңғы екі жылда 10-ға жуық ФАП пайдалануға берілген.
Айта кетсек, былтыр Түркістан облысында 30-ға жуық фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алматыда XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өз мәресіне жетті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ауыл құтқарушылары 753 өртті сөндірді: бағдарлама қазақстандық ауылдардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етіп отыр

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.