Қазақстан сапалы органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге зор әлеуетке ие – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Қаңтар 23, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан сапалы органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге зор әлеуетке ие

23.01.2026
0
Қазақстан сапалы органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге зор әлеуетке ие

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Қазақстан Республикасындағы Израиль Мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Йоав Быстрицкиймен кездесу өткізді. Кездесу барысында қазақстандық-израильдік ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары, сондай-ақ екіжақты қатынастардың негізгі бағыттары бойынша өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері талқыланды.

Нұртөре Жүсіп Қазақстан мен Израиль арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың сауда-экономикалық, инвестициялық, аграрлық және өнеркәсіптік салаларда, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық бағытта жүйелі түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар парламентаралық өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.

«2023 жылы Сенат делегациясы Израильге ресми сапармен барды. Ал өткен жылы Израиль Кнессетінің Спикері Амир Охананың Қазақстанға жауап сапары өтті. Сапар аясында Амир Охана Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевпен мазмұнды кездесу өткізді. Келіссөздер барысында парламентаралық ынтымақтастықты дамыту, саяси диалогты кеңейту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инновациялық және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Әрине, бұл сапар қазақстандық-израильдік екіжақты қатынастарды дамытудағы маңызды оқиға болды. Қалыптасқан қарқынды диалогты алдағы уақытта да жалғастыратынымызға сенімдімін», – деді Нұртөре Жүсіп.

Израиль Елшісі Йоав Быстрицкий кездесуге алғыс білдіре отырып, Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалады және екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді. Израиль тарапы Қазақстанмен орнықты әрі көпвекторлы өзара іс-қимыл қағидаттарына бейілділігін растады.

Әңгіме барысында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық, оның ішінде аграрлық секторда цифрлық шешімдерді дамыту және су қауіпсіздігі бағытындағы өзара іс-қимыл мәселелері де қаралды.

«Қазақстан сапалы органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге зор әлеуетке ие. Біздің еліміз егістік жерлер мен жайылымдар көлемі бойынша әлемде алтыншы орында тұр. Біз бидай экспорттаушы ірі он елдің қатарына кіреміз әрі ұн экспорты бойынша көшбасшылардың біріміз. Әлем бойынша азық-түлік жеткізу тізбектеріндегі тұрақсыздықтың артуын ескере отырып, Израильге астық пен азық-түлік өнімдерін экспорттауды жолға қоюға болады. Бұл үшін елдерімізде қажетті заңнамалық база бар. Өз кезегінде Израиль агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қажетті озық технологияларға ие. Өзара ынтымақтастығымыздың маңызды бағыты – су ресурстарын басқару. Соңғы жылдары Қазақстан су тапшылығына тап болып, бұл мәселені тиімді шешуді қажет етуде. Израиль осы салада әлемдік деңгейде мойындалған көшбасшы. Суды тазарту, тұщыландыру, қайта пайдалану және су инфрақұрылымын жаңғыртудағы жетістіктеріңіз ерекше әсер қалдырады. Осы маңызды салада ынтымақтастығымыздың кеңейгеніне қуаныштымыз», – деп түйіндеді сенатор.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ұлттық ұлан қатарындағы әскери оркестр музыканты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алматыда болашақтың спорты қалыптасады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.