Мәди Мырзағараев соттың санкциясынсыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқартуды ұсынды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Қаңтар 25, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Мәди Мырзағараев соттың санкциясынсыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқартуды ұсынды

24.01.2026
0
Мәди Мырзағараев соттың санкциясынсыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқартуды ұсынды

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Конституцияда «Миранда қағидасын» бекітуді ұсынды

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы: Конституцияда адвокатураның мәртебесін бекітуді ұсынамын

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысында сот санкциясынсыз ұстау мерзімін қысқарту және адвокатура институтының конституциялық мәртебесін бекіту қажеттігін айтты.

Спикердің айтуынша, жеке бас бостандығы – барлық құқықтың негізі және бұл қағидат Конституцияда нақты тетіктермен бекітілуі тиіс. Қазіргі қылмыстық процесте уақытша ұстаудың ұзақтығы адам құқығына тікелей қатер төндіреді. Мәди Мырзағараев технологиялық мүмкіндіктерді алға тарта отырып, бұл тәжірибені түбегейлі қайта қарау қажеттігін атап өтті.

«Уақытша ұстау – бұл тергеудің алғашқы кезеңіндегі мәжбүрлі, айрықша шара. Бірақ осы уақытша шараның өзі мейлінше қысқа мерзімге ғана қолданылуы тиіс. Ең бастысы – сот қарауына тез арада жеткізу. Технологиялар дамыған бүгінгі заманда материалдарды сотқа ұсыну үшін ұзақ уақыттың қажеті жоқ. Негізгі тергеу әрекеттері алғашқы тәулікте-ақ атқарылады. Сот бақылауын ертерек іске қосу азаматқа ғана емес, мемлекетке де тиімді. Сот санкциясы – тергеу заңдылығының басты кепілі және қоғам сенімінің тірегі. Осы ретте, халықаралық озық тәжірибені ескере отырып, Конституцияда сот санкциясынсыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқартуды ұсынамын»,- деді Мәди Мырзағараев.

Сонымен қатар, спикер халықаралық деңгейде мойындалған «Миранда қағидасы» – құқықтық мемлекеттің мызғымас өлшемі екенін баса айтты. Соған сәйкес, азамат өз құқығын тағдыры таразыға түскен алғашқы минуттан бастап білуге тиіс. Ал сол құқықтардың ішіндегі ең маңыздысы – кәсіби адвокаттың көмегіне жүгіну құқығы. Сондықтан Мырзағараев өз сөзінде адвокатура институтының қазіргі құқықтық жағдайына тоқталды. Ол Конституцияда білікті заң көмегіне құқық бекітілгенімен, сол көмекті қамтамасыз ететін негізгі институттың мәтінде нақты аталмағанын айтты. Мәди Мырзағараев Қазақстанда адвокатураның бұрын конституциялық мәртебесі болғанын еске салып, тарихи олқылықты қайта жасамауға шақырды.

«Адвокатура – тек кәсіби қауымдастық емес, құқықтық мемлекеттің ажырамас тірек институты. Дәл осы рөл оның мәртебесін жалпы заң деңгейінде ғана емес, Конституция деңгейінде танудың табиғи қисындылығын көрсетеді. Қазақстан аумағында адвокатураның конституциялық мәртебесі бұрын болған. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы реформалар барысында адвокатураның Ата Заң мәтінінен тыс қалуы – тарихи олқылық. Нәтижесінде, Конституцияда білікті заң көмегіне құқық бекітілгенімен, сол көмекті тарихи түрде көрсетіп келе жатқан негізгі институттың өзі Конституция мәтінінде аталмай қалды»,- деді Мәди Мырзағараев.

Сөз барысында Мәди Мырзағараев қазіргі конституциялық реформаны адвокатураның мәртебесін орнына келтіретін тарихи мүмкіндік деп атап өтті. Ол Конституцияда адвокатураның құқықтық мәртебесін бекіту мемлекеттің жариялаған бағытына, Президент айқындаған стратегиялық бағдарға және қоғамның сұранысына толық сәйкес келетінін баса айтты.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ержан Жиенбаев: «Қазақстанның Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстанда дін мен мемлекетті бөлуді Конституцияда нақты бекіту ұсынылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.