Интернеттегі алаяқтыққа қарсы конституциялық кепілдік керек – Асанов – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Қаңтар 25, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Интернеттегі алаяқтыққа қарсы конституциялық кепілдік керек – Асанов

25.01.2026
0

Цифрлық кеңістікте қауіпсіздік: жеке деректерді қорғау – мемлекеттік міндет

Жақып Асанов: жеке деректердің қорғалмауы – мемлекетке тікелей қауіп

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында жеке деректерді қорғау мәселесіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, бүгінгі цифрлық әлемде азаматтардың құқығы қағаз жүзінде ғана емес, нақты әрі тиімді қорғалуы тиіс.

Асанов атап өткендей, «көше қылмысы» соңғы 10 жылда тоғыз есе төмендегенімен, мүлікті тонау цифрлық кеңістікке көшкен. Сөз басын ол мысал ретінде жуырда Ақмола облысында болған оқиғадан бастады.

«Өмірден бір кейс. Жуырда Ақмола облысында 25 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Сонда не істеді? 348 азаматтың жеке деректерін ұрлап, солардың атынан 4 млрд теңгедей кредит алды. Сөйтіп соншама адам банкке бармай, еш құжатқа қол қоймай, ойламаған жерде қаржылық тұзаққа түсіп, қарызға батты…Біз шынайы өмірмен қатар цифрлық әлемде де күн сайын өмір сүріп жүрміз. Бірақ сол өмірде қандай қауіптер бар – соны біле бермейміз», – деді Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Жақып Асанов.

Спикер цифрлық дәуірде жеке өмірді қорғау бұрынғыдай қағаздағы құжаттар мен көшедегі қауіпсіздікпен шектелмейтінін айтты. Смартфон мен интернетке тәуелді өмірімізде азаматтардың деректері алаяқтардың қолына түсіп, заңсыз әрекеттердің нысанына айналып отыр. Конституциялық кепілдік тек қағазда қалмауы тиіс – ол цифрлық кеңістікте де толық сақталуы қажет. Мемлекет үшін бұл – халыққа деген сенімді сақтау және шынайы қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті.

«Осы тұста заңды сұрақ туады: азаматтарымыздың құқығын цифрлық әлемде қалай қорғаймыз? Интернеттегі қылмыскерлерден қалай сақтанамыз? Конституцияда жеке өмірге қол сұқпау туралы 18-ші бап бар. Бірақ ол қабылданған кезде цифрлық әлем қазіргідей дамымаған-тұғын. Интернетте бүгінгідей өмір сүрген жоқпыз. Тек шынайы әлемде жүріп жаттық. Құжаттарымыз да, ақшамыз да қағаз түрінде қалтамызда жүретін. Ал бүгін өміріміздің біраз бөлігін желіде өткіземіз. Телефон деген өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Бірақ дәл осы кеңістікте біз қатты осалмыз. Үйде де, көшеде де жүргенде заң қорғаса, ал смартфонда ондай деңгейдегі қорғаныс жоқ. Жеке дерек қолдан қолға өтіп, азамат алаяқтың жемі болып жатқанын күнде көреміз. Әр адам қайда жүрсе де – көше болсын, интернет болсын, өзінің қорғалғанын сезінуі тиіс. Бұл мемлекеттің тура міндеті»,- деді ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов.

Асанов сөз соңында Конституциялық реформа аясында жеке деректерді қорғауды арнайы қарастыру қажеттігін атап, бұл халықтың мемлекетке деген сеніміне тікелей әсер ететінін жеткізді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Кінәсіздік презумпциясы және өзін кінәлауға тыйым: Жаңа Конституцияға қандай нормалар ұсынылып отыр

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Дихан Қамзабекұлы білім жүйесіндегі зайырлылық пен мәдениеттің Ата Заңда нақты айқындауды ұсынды  

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.