ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ЮНЕСКО ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Қаңтар 29, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ЮНЕСКО ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

28.01.2026
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ЮНЕСКО ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда құнды жәдігерлеріміз бен ұлттық дәстүрлеріміз ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы ғалымдардың Қызылорда жеріндегі Сауысқандық пен Түркістан облысындағы Арпа өзенінен жалпы саны 17 мың петроглиф тапқанын, осындай құнды жәдігерлеріміз бен ұлттық дәстүрлерімізді ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне қосуды тапсырды.
▪️Осы ретте Түркістан облысында ЮНЕСКО тізіміне мәдени мұра нысандарын енгізу жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, 2003 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Парижде өткен ЮНЕСКО-ның 27 сессиясында әлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізілген. Қазіргі таңда аталған мәдени мұра объектісінің жай-күйін сақтау жұмыстары мемлекеттік бақылауда. Кесененің жай-күйін кешенді зерттеу мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қадағалауымен тиісті жұмыстар 2023 жылы басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасуда.
▪️Сонымен қатар «Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағындағы «Күлтөбе» қалашығын абаттандыру жобасын» Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның 1972 жылғы Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы конвенцияның талаптарына сәйкес ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетімен келісу жұмыстары жүргізілуде.
▪️Түркістан облысында тарихымызды бейнелейтін таңбалы тастар көп шоғырланған. Солардың бірі – Созақ ауданында орналасқан Арпаөзен петроглифтері. 2023 жылы бұл аумақта зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда Арпаөзен археологиялық кешенін арнайы қорғауға алу жұмыстары жүргізілуде. Арпаөзен петроглифтерін қорғау жұмыстары екі кезеңнен тұрады.
▪️Айта кетейік, 2021 жылы «Арпаөзен» петроглифтері ЮНЕСКО-ның әлемдік мұраларының алдын-ала тізіміне енгізілген болса, 2025 жылы Арпаөзен археологиялық кешені республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұралардың мемлекеттік тізіміне енгізіліп отыр.
▪️Бұдан бөлек, облыс аумағында туристер көп шоғырланатын ортағасырлық Сауран, Отырар, Күлтөбе қалашықтары «Ұлы Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» атты трансұлттық аталымы бойынша Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу жоспарлануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жетісуда туризмді дамыту: биылғы жазғы маусымға дейін Балқаш көлінің жағалауында екі коммуналдық жағажай ашылады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алматы хайуанаттар бағында жаңа жануарлар түрі көбейіп, келушілер саны артып келеді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.