Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСаясат

Мемлекет басшысы Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипені туған күнімен құттықтады.

Президент жеделхатта екі ел арасындағы берік достыққа, сындарлы саяси диалог пен өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарға негізделген стратегиялық серіктестік дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өткен. Сондай-ақ ынтымақтастықты тереңдетудің мол әлеуетін пайдалана отырып, қазақ-испан қарым-қатынасын жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға мүдделі екенін растаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипенің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал испан халқына бақ-береке тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

admin_altyalash

Бейжіңде өткен кездесуде Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы аясындағы ынтымақтастық талқыланды

admin_altyalash

1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

admin_altyalash