Атырауда мектеп оқушысы экологияға зиянсыз биопластик ойлап тапты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Қаңтар 30, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Атырауда мектеп оқушысы экологияға зиянсыз биопластик ойлап тапты

30.01.2026
0
Атырауда мектеп оқушысы экологияға зиянсыз биопластик ойлап тапты

Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Инабат Шабахова табиғатқа зиянсыз биопластик ойлап тапты. Жаңа өнім толықтай табиғи қоспалардан дайындалады және қоршаған ортаға қауіп төндірмейді, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жас өнертапқыштың айтуынша, биопластик суға төзімді және топырақта бір айдың ішінде 80 пайызға дейін ыдырайды. Жобаны сынау мақсатында бірнеше тәжірибелік үлгі әзірленген.

– Бұл биопластиктің қарапайым пластиктен айырмашылығы көп. Алдағы уақытта оны әрі қарай дамытып, пакет жасауға ниеттімін. Әсіресе, тамақ жеткізу қызметі мен дүкендерге арналған қаптама ретінде қолдануға болады, – дейді Инабат Шабахова.

Сала мамандарының мәліметінше, қолданыстағы пластик өртенген кезде улы заттар бөледі және табиғатта жүздеген жыл бойы жойылмайды. Сонымен қатар ғалымдар пластиктің адам денсаулығына кері әсер етіп, түрлі аурулардың туындауына себеп болатынын дәлелдеп отыр.

– Мектепте жыл сайын ғылыми жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Оқушылар жетекші ұстазымен бірге өз жобаларын жүзеге асырады. Инабатпен былтырдан бері жұмыс істеп келеміз. Алдағы уақытта жобаны жарыстарда қорғап, дамытуды жоспарлап отырмыз, – деді биология пәнінің мұғалімі Лазифа Қайратхан.

Айта кетейік, жас зерттеуші былтыр «Дарын» орталығы ұйымдастырған облыстық желілік турдан өтіп, республикалық кезеңге жолдама алды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысы Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бұл – жетісулық театрдың «Академиялық» мәртебесін алғаннан кейінгі сахналаған алғашқы қойылымы

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.