Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғам

«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы шалғай елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін нығайтудың негізгі құралдарының бірі

Қарағанды облысы Нұра ауданының Ахмет ауылында ТЖМ-нің «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында 156-шы жаңа модульдік ерікті өрт сөндіру пункті ашылды. Ашылу рәсіміне Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.

  Іс-шара барысында сөз сөйлеген ведомство басшысы «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы шалғай елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін нығайтудың негізгі құралдарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол ТЖМ бағдарламаны кезең кезеңімен іске асыруды және ерікті өрт сөндіру құралымдарының желісін одан әрі кеңейтуді жалғастыратынын айтты.

Модульдік пункт жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынды және тәулік бойы кезекшілік атқаруға арналған барлық заманауи талаптарға толық сәйкес келеді. ТЖМ пунктті қажетті өрт сөндіру техникасымен, нысанды киіммен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етті. Еріктілер жүйелі түрде оқытудан өтіп, өрт-тактикалық сабақтар мен практикалық жаттығуларға қатысатын болады.

Жаңа өрт сөндіру пункті шамамен 1 500 тұрғыннан тұратын елді мекенге қызмет көрсетеді және өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға әрекет ету уақытын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Оның ашылуы өңірдегі өртке қарсы инфрақұрылымды дамытуда маңызды қадам болып табылады және ауыл тұрғындарының өмірі мен мүлкін қорғау деңгейін арттырады.

Ұқсас жаңалықтар

Біздің ұл-қыздарымыз бокстың отанына барып, өздерінің нағыз мықты спортшы екенін дәлелдеді

admin_altyalash

Вейпке тыйым салуға қарсы шыққан депутаттар да болды – Нұргүл Тау

admin_altyalash

Алматыдағы Көктөбе телемұнарасы мен қаланың өзге де маңызды нысандары қызғылт сары түске көмкерілді.

admin_altyalash