Қазақстанда 2025 жылы 889 мың тонна өсімдік майы өндірілді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Ақпан 7, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда 2025 жылы 889 мың тонна өсімдік майы өндірілді

06.02.2026
0
Қазақстанда 2025 жылы 889 мың тонна өсімдік майы өндірілді

Қазақстанның майлы-тоңмай өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Бұған майлы дақылдардың егіс алқаптарының кеңеюі, қайта өңдеу көлемінің артуы және экспорттық әлеуеттің күшеюі ықпал етуде.

Былтыр майлы дақылдар егілген алқаптар 3,9 млн гектарға дейін ұлғайды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 37,7%-ға немесе 1,1 млн гектарға артық. Оның ішінде күнбағыс егіс алқабы 38,4%-ға немесе 491,1 мың гектарға кеңейтілді.

Майлы дақылдар бойынша негізгі егіс алқаптары Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай облысында орналасқан.

Өңірлер әкімдіктерінің деректеріне сүйенсек, 2025 жылы 4,8 млн тонна майлы дақыл жиналған (2024 жылы – 3,3 млн тонна), оның ішінде күнбағыс – 2,3 млн тонна (2024 жылы – 1,8 млн тонна).

Қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуаттылығы жылына 5 млн тоннадан асады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 888,8 мың тонна өсімдік майы өндірілді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда (757,1 мың тонна) 17,4%-ға жоғары. Оның ішінде күнбағыс майының өндірісі 757,2 мың тоннаны құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 17,5%-ға өсті.

2025 жылдың 11 айында өсімдік майларының экспорты 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,6%-ға артып отыр.

Негізгі сатып алушылардың қатарында Өзбекстан (жалпы көлемнің 46%), Қытай Халық Республикасы (33,7%), Тәжікстан (13,1%), Ауғанстан (4,3%), Түрікменстан (1,8%) және басқа елдер бар.
Қазақстан күнбағыс майын экспорттаушы әлемдік ТОП-10 елдің ішінде 8-орында тұр, сондай-ақ Еуропалық одақ елдеріне күнбағыс шротын экспорттаушы ТОП-3 елдің қатарына кіреді.

Қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету және өнімнің қосылған құнын арттыру мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында майлы дақылдардың егіс алқаптарын одан әрі үлкейту көзделген.

2023 жылғы 1 ақпаннан бастап күнбағысты экспорттауға 20% мөлшерінде, бірақ бір тоннасы кемінде 100 еуро болатын экспорттық кедендік баж салығы енгізілді. Экспорттық әлеуетті кеңейту мақсатында Қытаймен майлы дақылдарды қайта өңдеу өнімдерін экспорттауға қатысты санитарлық және фитосанитарлық талаптар жөніндегі хаттамаларға қол қойылды.

АӨК-ті қолдау бағдарламалары аясында қайта өңдеу кәсіпорындарына айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдетілген несиелер қарастырылған. Сондай-ақ қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесі 80%-ға төмендетілген.

Қабылданған мемлекеттік қолдау шаралары майлы-тоңмай саласының одан әрі дамуына, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және оны сыртқы нарықтарға ілгерілетуге ықпал етуде.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Сәтбаев университеті машина жасау саласына арналған фибробетон технологиясын ұсынды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Алматы» хоккей клубы PRO HOKEI LIGASY плей-офф кезеңіне өтті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.