Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарСпорт

Ақмолалықтар қысқы Олимпиада қатысушыларын шаңғы жарысымен қолдады

Ақмола облысында 2026 жылғы 6–22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарына өңір спортшыларының қатысуына орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Олимпиадашыларды қолдау мақсатында 7 ақпанда Бурабай, Зеренді, Сандықтау, Ерейментау, Бұланды, Қорғалжын, Жарқайың, Біржан сал аудандарында, сондай-ақ Көкшетау, Степногорск және Ақкөл қалаларында жаппай шаңғы жарысы өтті.

Жарысқа Ақмола облысының балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің тәрбиеленушілері, шаңғы спортын сүйетін әуесқойлар мен ардагерлер қатысты. Барлығы 900-ден астам адам стартқа шықты. Шаңғышыларды облыс әкімінің орынбасары Досулан Айтбаев құттықтады.

Қатысушылардың айтуынша, бұл шаңғы жарысы Қазақстан атынан өнер көрсетіп жатқан Ақмола облысының спортшыларына деген бірлік, қолдау және мақтаныштың жарқын белгісіне айналды.

Айта кетейік, төртжылдықтың басты қысқы жарыстарында Ақмола облысының намысын алты спортшы қорғайды. Шорт-трек бойынша Денис Никиша, Яна Хан және Ольга Тихонова бақ сынайды. Ал шаңғы жарыстарында өңір намысын Ксения Шалыгина, Надежда Степашкина және Анна Мельник қорғайды.

Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-де ақмолалық спортшылардың қатысуымен алғашқы жарыс өтеді. Скиатлон дисциплинасында Ксения Шалыгина мен Надежда Степашкина стартқа шығады.

Ұқсас жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: «Астана» іріктеу турнирінде жеңіліп қалды

admin_altyalash

Адамдар тобы сауда орталығына ірі көлемде залал келтірді

admin_altyalash

Спорт түрлері бойынша жарыстарға қатысуға болатын ең төменгі жас мөлшері

admin_altyalash