Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Үздік бестікте! Алда – шешуші сайыс

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында көпшілік асыға күткен мәнерлеп сырғанаудан ерлер бәсекесінен финалға өткен 24 спортшының есімі белгілі болды. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров өзінің қысқа бағдарламасында 92.94 ұпай жинап, 5-орынға тұрақтады.

Қысқа бағдарламаның қорытындысы (29 қатысушы):

1.Илья Малинин (АҚШ) – 108.16 ұпай

2.Юма Кагияма (Жапония) – 103.07

3. Адам Сяо Хим Фа (Франция) – 102.55 ұпай (мансабындағы жеке рекорды)

4.Даниэль Грассль (Италия) – 93.46 ұпай

Шешуші еркін бағдарлама 13 ақпан күні Астана уақытымен 21:00-де өтеді.

Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан ел тарихында Денис Тен 2014 жылы Сочи Олимпиадасының қола жүлдесін алған еді.

Фото: Сали САБИРОВ

Ұқсас жаңалықтар

50 мың тонна өсімдік майын өндіретін зауыт ашылды

admin_altyalash

Нұртөре Жүсіп СҚО тұрғындарымен ел дамуының жаңа кезеңінде қазақ тілінің маңызы туралы мәселені талқылады

admin_altyalash

Ұлттық ұлан өкілдерінің арасында келешегі зор жаңа буын спортшылар да бар

admin_altyalash