Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Тomiris әйелдер құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетті

Биыл Дубайда өткен халықаралық UAE SWAT Challenge жарысында Tomiris әйелдер құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, кәсіби шеберліктің озық үлгісін көрсетті.

Команда физикалық, тактикалық әрі психологиялық даярлықтың мықтылығын дәлелдеп, әйелдер құрамалары арасында бірінші орынды жеңіп алды.

Ал жалпы командалық есепте 18-орынға тұрақтап, бірқатар ерлер командалар озық нәтиже көрсетті. Бұл — олардың тыңғылықты дайындығы мен темірдей тәртібінің, үйлесімді іс-қимылының нақты айғағы.

Tomiris құрамасының табысы — жүйелі әрі мақсатты жұмыстың жемісі. Бұл жеңіс – гендерлік ерекшелікке қарамастан, жеке құрамның кәсіби біліктілігі мен жоғары жауынгерлік дайындығының айқын дәлелі.

Команданың бұл жолғы жеңісі – тек спорттық табыс емес. Бұл – ішкі істер органдары жүйесіндегі әйелдер бөліністерінің қарқынды дамуы мен олардың әлеуетінің артып келе жатқанының айқын көрінісі.

Ұқсас жаңалықтар

Пара спортшылар Парижге аттанды

admin_altyalash

Жеңілдетілген несие — нәтиже үшін еңбек ететіндерге берілген мүмкіндік

admin_altyalash

Бектенов су тасқынынан кейін үйлерді қалпына келтіру жайында: Жергілікті билік жұмысында салғырттық байқалады

admin_altyalash