Қазақстанның робототехникадан ұлттық құрама командасы жасақталды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Ақпан 16, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Қазақстанның робототехникадан ұлттық құрама командасы жасақталды

15.02.2026
0
Қазақстанның робототехникадан ұлттық құрама командасы жасақталды

Астанада Орталық Азиядағы ең ірі робототехника және STEM-технологиялары фестивалі Alem Tech Fest 2026 жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.

Фестивальге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Эстония, Вьетнам және Гонконгтан 5 мыңнан астам оқушы қатысты.

Марапаттау рәсіміне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ақпараттық технологиялар және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев,«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақупов және салалық министрліктер мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жаслан Мәдиев жастардың инженерлік әлеуетін жоғары бағалап, атап өтті: «Робототехниканы дамыту — еліміздің цифрлық трансформациясының маңызды бағыты. Бүгін біз тек конструкторлармен айналысып жүрген оқушыларды емес, болашақ инженерлер мен жасанды интеллект саласының мамандарын көріп отырмыз. Дәл осы дарынды жастар озық технологияларды өнеркәсіп пен мемлекеттік басқару саласына енгізіп, еліміздің жаһандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады».

Фестиваль бағдарламасының негізгі бөлігі Central Asia FIRST Championship турнирінің қорытындысы бойынша 50 үздік команда анықталып, оларға ақшалай сыйлықтар мен білім гранттары берілді.

Сонымен қатар, 16 үздік жеңімпаз-командалардан Қазақстанның ұлттық құрама командасы жасақталды. Ұлттық құрама командасы Хьюстон қаласында (АҚШ) өтетін FIRST Championship 2026 әлемдік финалында ел намысын қорғайды. Қалған жүлдегер-командалар Солтүстік Америка, Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы халықаралық турнирлерге жолдама алды.

Қазақстан ұлттық құрамасына келесі командалар енді:
FIRST LEGO League Explore: Alem Innovators;
FIRST LEGO League Challenge: FIZTEX, ToleBi Daryn, Tidal Tumble;
FIRST Tech Challenge: JelToqSun, TGJ, xCeption, SANA, KAP, Panheya, OVERTIME, Nomadic.Dragons.FTC, FIZMAT ROBOTICS, FoxSlide, MLP, Celestial.

Сонымен қатар, фестиваль аясында Alem Drone League, RoboCup Soccer, Physical AI Championship, RoboCup Rescue және Battle of Bots бағыттары бойынша жарыстар өткізілді.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, USTEM Foundation қоғамдық қоры және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды. Серіктес ұйымдар ретінде ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub халықаралық инновациялық кластері, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігі ат салысты. Бас демеуші – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Қазақстан археологиясындағы жаңа ашылымдар – 2025» көрмесі өтті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.