Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Бұл нәтиже – қажырлы дайындық пен антқа адал болудың нақты көрінісі

Ішкі істер министрлігінде Дубайда өткен беделді халықаралық турнирде ел намысын абыройлы қорғаған қызметкерлерді марапаттау салтанаты өтті.

Биыл Қазақстан атынан жарысқа әртүрлі ведомстволардан іріктелген бес құрамалық команда қатысты. Біздің арнайы бөлімшелер жоғары дайындықтарын көрсетті және жүлделі орындарға ие болды: Kaz SWAT Team C – 1 орын, Kaz SWAT Team A – 2 орын, Kaz SWAT Team B – 8 орын, Kaz SWAT Team D – 20 орын. Әйелдер арасындағы командаларда Tomiris командасы – жалпы есепте 18-орын және әйелдер құрамасы арасында 1-орынды иеленді.

Ішкі істер министрі Ержан Саденов жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, олардың жетістігі тек спорттық нәтиже емес, сонымен қатар қазақстандық құқық қорғаушылардың жауынгерлік дайындығы, тәртібі мен рухтың мықтылығын көрсететінін атап өтті.

Салтанат барысында қызметкерлерге арнайы марапаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

Бұл нәтиже – қажырлы дайындық пен антқа адал болудың нақты көрінісі. Халықаралық аренадағы бұл жеңіс Қазақстанның абыройын арттырып, барлық қызметкер үшін үлгі болатыны сөзсіз.

Ұқсас жаңалықтар

Taza Astana: Астанада жыл басынан бері 215 заңсыз полигон жойылды

admin_altyalash

155 адам қауіпсіз түрде жер бетіне эвакуацияланды

admin_altyalash

Қойылым көрермендердің ыстық ықыласына ие болды

admin_altyalash