Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғам

ЖАСТАР ПІКІРТАЛАСЫ: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ЕЛДІҢ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

Ақтөбе қаласында «Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі» тақырыбында жастар пікірталасы өтті.

Іс-шараның мақсаты – жаңартылған Конституцияның негізгі ережелерін жан-жақты талқылау, ашық диалог мәдениетін дамыту, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және 15 наурызда өтетін жаңа Конституция бойынша алдағы референдумды қолдауға бағытталған ортақ ұстаным қалыптастыру.

Жиынды ашқан «Ауыл» партиясы Орталық аппарат басшысының орынбасары Нұрхат Ораш бүгінгі жастар пікірталасы Конституциялық реформаның негізгі бағыттарын түсіну және жастардың қоғамдағы маңызды мәселелерді талқылауына мүмкіндік беретін алаң екенін атап өтті.

Жиынға қатысушы белсенді жастар Конституцияның жаңа жобасын толықтай қолдайтындықтарын білдірді. Олар бұл реформаны елдің демократиялық бағытын айқындайтын және азаматтық қоғамды нығайтатын тарихи қадам ретінде бағалады. Жастар атап өткендей, жаңа Конституция адам капиталына, білім мен инновацияға басымдық бере отырып, жас буын үшін жаңа әлеуметтік лифтілер мен құқықтық кепілдіктер ашады.

Сонымен қатар шараға Ақтөбе облысы жастар басқармасының бөлім басшысы Мади Кемешов, облыстық ЖРО, Жастар бастамаларын қолдау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Дастан Құрманбай және белсенді жастар өз пікірлерін білдірді.

Жиын соңында қатысушылар жаңа Конституция – өткенді саралап, болашаққа нық қадам жасауға мүмкіндік беретін стратегиялық таңдау деген ортақ байламға келді.

 

«Ауыл» партиясы» Баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Психолог кеңесі: Баланы мектепке қай жаста берген дұрыс?

admin_altyalash

Ақмола облысында бірыңғай дрондар желісі жұмыс істейді

admin_altyalash

«Кең дала 2» бағдарламасы фермерлерге жаңа ауыл шаруашылығы маусымына алдын ала дайындалуға мүмкіндік беретін стратегиялық шешім

admin_altyalash