ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Ақпан 20, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

19.02.2026
0
ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев бір ауысымда 100 келушіні қабылдайтын емханасы бар 300 төсектік көпбейінді аурухананың (онкологиялық бөлімшесімен) құрылыс алаңына барып, жұмыс барысымен танысты.
Облыс тұрғындары үшін аса маңызды әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынуда. Аурухана заманауи техникалық шешімдерді ескеріп жобаланған, ең озық технологиямен қамтамасыз етіледі. Диагностика және емдеу бойынша заманауи стандарттарға сай келетін жоғары технологиялық инновациялар енгізіледі, бұл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырады. Осылайша Қызылордада шетелдік клиникалардан еш кем түспейтін заманауи медициналық кешен пайда болады.
«Мелиоратор» серіктестігі қолға алған жобаға 36 млрд 416 млн теңге қаржы қаралған. Бұл – аймақтағы халықаралық стандарттарға сай, ең ауқымды жобалардың бірі. Аумағы 57 мың шаршы метр, 7 гектар жерге орналасқан. Нысан 10 блоктан тұрады: емхана, пансионат, конференц-зал, асхана, физиотерапия, қабылдау бөлімі, әкімшілік, реанимация, химиотерапия және радиотерапия, операциялық бөлім.
Құрылысы екі жыл бұрын басталған ғимаратты салу барысында осы уақытқа дейін 21 млрд. теңге қаражат игеріліп, жұмыстың 70 пайызы еңсерілді. Қалған 16 млрд. теңге осы жылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген. Қазіргі таңда бетон жұмыстары толық біткен, ал кірпіш қалау аяқталып қалды.
Жақын арада құрылысшылар терезесін салып, қасбетін бастайды. Сонымен қатар, жылу құбырлары орнатылып, қажетті тораптарға қосылуда. Электр желісі тартылып, тарату нүктелері дайындалды. Құрылыс кестеге сәйкес жүргізілуде. Жоспар бойынша күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, жыл соңына дейін құрал-жабдықтарын орнатып, пайдалануға береді.
Бүгінде құрылыс басында 200-ге жуық адам, 15 техника бар. Газоблог, инженерлік жүйелерге қажетті материалдар жеткілікті.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 12 облыста заманауи перинаталдық орталықтар салу көзделген. Бүгін Қызылорда қаласында халықаралық тәжірибе мен озық медициналық технологиялар енгізілетін 200 төсектік перинаталдық орталықтың іргетасы қаланды. Нысанға 2,7 гектар жер телімі бөлініп, 48,8 млрд теңге қаражат қаралған.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ШЕТ АЙМАҒЫНДА 400 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА ЕМХАНАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ «ҚАМҚОРЛЫҚ» ЕРТЕ АРАЛАСУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.