Мұғалім мәртебесі – ел мерейі: Қазақстан педагогтердің еңбек жағдайы бойынша әлемдік көшбасшылар қатарында – Altyalash.kz
Saturday, February 28, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Мұғалім мәртебесі – ел мерейі: Қазақстан педагогтердің еңбек жағдайы бойынша әлемдік көшбасшылар қатарында

27.02.2026
0
Мұғалім мәртебесі – ел мерейі: Қазақстан педагогтердің еңбек жағдайы бойынша әлемдік көшбасшылар қатарында

Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында халықаралық TALIS-2024 зерттеуінің қорытындылары жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары арқасында Қазақстан мұғалімдердің жалақыға қанағаттану деңгейі бойынша әлемдегі үздік бес елдің қатарына енді. 2018 жылы бұл көрсеткіш небәрі 39% болса, 2024 жылы 71%-ға жетті. Бүгінде еліміздегі педагогтердің 95%-ы өз жұмысына көңілі толатынын мәлімдеп, кәсіби қанағаттанудың жоғары деңгейін көрсетіп отыр.

Мұғалім мәртебесі туралы заңның қабылдануы саладағы түйткілді мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. Мұғалімдердің апталық жүктемесі 50 сағаттан 36 сағатқа дейін қысқартылып, демалыс уақыты 56 күнге ұзартылды. Соңғы жылдары мектеп мұғалімдерінің жалақысы екі есе, балабақша тәрбиешілерінің еңбекақысы 30%-ға артты. Бұл шаралар педагогтердің әкімшілік жүктемесін азайтып, олардың негізгі міндеті – бала оқыту мен кәсіби дамуға көбірек уақыт бөлуіне жағдай жасады. Нәтижесінде магистр дәрежесі бар мамандардың үлесі үш есе өсіп, 11%-ды құрады.

Қазақстандық ұстаздардың кәсіби шеберлігі халықаралық деңгейде де жоғары бағалануда. Соның жарқын дәлелі ретінде алматылық химия пәнінің мұғалімі Татьяна Белоусованың Global Teacher Prize байқауында әлемнің үздік 50 мұғалімінің қатарына енуін атап өтуге болады. Сондай-ақ, Президенттің қолдауымен 5 ұстазға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, 95 педагог «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атанды. Бұл жетістіктер отандық мектептердің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін айқындай түседі.

Министрлік алдағы уақытта жас мамандарды қолдау, цифрлық сауаттылықты арттыру және кадрларды даярлаудың озық стандарттарын енгізуді жалғастырады. Педагогтердің құқықтарын қорғауды заңнамалық тұрғыдан жетілдіру және оларды өз құзыретіне жатпайтын жұмыстардан босату басты назарда қалады. Бұл кешенді шаралар- еліміздің зияткерлік капиталын нығайтуға және білім беру теңсіздігін, әсіресе ауылдық аймақтарда жоюға бағытталған стратегиялық қадамдар.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында білім беру саласының негізгі басымдықтары талқыланды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ақордада Сербия Президенті Александр Вучичті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.