ШҚО-да психотроптық заттарды буып-түюмен айналысқан күдіктілер ұсталды – Altyalash.kz
Sunday, March 1, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

ШҚО-да психотроптық заттарды буып-түюмен айналысқан күдіктілер ұсталды

28.02.2026
0
ШҚО-да психотроптық заттарды буып-түюмен айналысқан күдіктілер ұсталды

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында интернет-дүкеннің қоймашы – ораушысы ретінде әрекет еткен 22 және 23 жастағы екі күдіктіні анықтап, ұстады.

     Шұғыл тінту барысында 22 жастағы күдіктіден көк түсті изолентамен оралған, ішінде ақ түсті ұнтақ тәрізді заты бар полимерлі пакет тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, аталған заттың жалпы салмағы 498,20 грамм болатын “a-PVP” психотроптық заты екені анықталды.

     Екінші күдіктінің жалдамалы пәтерінен тәртіп сақшылары ұқсас ұнтақ тәрізді заты бар пластик ыдысты, сондай-ақ буып-түюге арналған құралдарды — zip-пакеттерді, оқшаулағыш таспаны, электронды таразыны, магниттер мен респираторды тәркіледі. Сараптама нәтижесіне сәйкес, тәркіленген заттың 168,12 грамм “3-хлорметкатинон” психотроптық заты екені белгілі болды.

     Осылайша, тәркіленген психотроптық заттардың жалпы салмағы 600 грамнан асып, аса ірі мөлшерді құрады.

     Анықталғандай, күдіктілер Шығыс Қазақстан облысына басқа өңірден келген. Олар мессенджер арқылы нұсқаулар алып, жалдамалы пәтерді қойма ретінде пайдаланып, тыйым салынған заттарды буып-түюмен айналысқан.

     Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

     Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті азаматтарды интернет арқылы ұсынылатын күмәнді “жұмыс” ұсыныстарынан сақ болуға шақырады. Мұндай ұсыныстардың артында есірткі бизнесі мен қылмыстық жауапкершілік тұруы мүмкін.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алматыда Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған концерт өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Александр Вучич қазақстандық арнайы жасақ сарбаздарының жетістіктеріне тәнті болды

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.