Адал еңбек еткен адам ғана адал табыс табады – мәслихат депутаты – Altyalash.kz
Saturday, March 7, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Адал еңбек еткен адам ғана адал табыс табады – мәслихат депутаты

07.03.2026
0
Адал еңбек еткен адам ғана адал табыс табады – мәслихат депутаты

Қоғамның дамуы мен мемлекеттің болашағы ең алдымен адамға байланысты. Соңғы жылдары елімізде «Адал адам», «Әділетті Қазақстан» ұғымдары жиі айтылып жүр. Бұл тек саяси ұран емес, қоғамның жаңа құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған идея. Адал еңбек, әділдік, заңға құрмет және ұлттық тәрбие – мықты мемлекет құрудың негізі. Осы тақырып төңірегінде біз «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қалыйма Жантөреевамен әңгімелескен едік.

– Сіз жиі айтып жүрген «Адал адам» ұғымы нені білдіреді? Әділетті қоғам құруда оның маңызы қандай?

– Адал адам туралы көп айтылып жүр. Бірақ бұл жай ғана ұран немесе әдемі сөз емес. Шын мәнінде адам мен қоғам мәселесі – өте терең философиялық тақырып. Қоғамның қандай болатыны, мемлекеттің қалай дамитыны ең алдымен сол қоғамдағы адамдарға байланысты. Сондықтан адалдық мәселесіне үстірт қарауға болмайды.

Қазір күн тәртібінде Жаңа Конституцияға енгізілетін өзгерістер бар. Оның бірінші бабында мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп нақты көрсетілген. Ал үшінші бапта мемлекет адам капиталын, білімді, ғылым мен инновацияны дамытуды стратегиялық бағыт ретінде танитыны айтылған. Демек, конституция – мемлекет пен азаматтың арасындағы құқықтық келісім сияқты, яғни ол адамның құқығын қорғап, қоғамдағы өміріне заңдық кепілдік береді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та «Адал адам» туралы бірнеше рет айтты. Атырауда өткен Құрылтайда ол адал еңбек пен адал табыс арқылы Әділетті Қазақстан құру идеясын атап өтті. Ал Түркістандағы Құрылтайда қоғамдық сананы өзгерту мәселесін көтерді. Өйткені әділетті қоғам тек заңмен немесе реформамен ғана құрылмайды. Ол үшін адамдардың ойы, ниеті, көзқарасы өзгеруі керек.

– Әл-Фараби мен Абайдың адам туралы ойлары бүгінгі қоғам үшін қаншалықты маңызды?

– Адам туралы терең ой айтқан ғұламалардың бірі – Әбу Насыр Әл-Фараби. Оның еңбектерінде адам, қоғам, бақыт мәселесі кеңінен қарастырылады. Әл-Фараби адам бақытқа жалғыз өзі емес, қоғаммен бірге жетеді деп түсіндіреді. Яғни адамдар бір-біріне көмектесіп, бір мақсатқа бірігуі керек. Ол «бақыт дегеніміз – ізгілік» деген ой айтады.

Ғұлама адамдардың бақытты әртүрлі нәрседен іздейтінін айтады. Біреулер байлықтан, біреулер биліктен іздейді. Ал Әл-Фараби бақытты білім мен ғылымнан тапқан. Оның пікірінше, адам өмір бойы білім алып, болмысты танып, ізгілікке ұмтылуы керек. Қайырымдылық – бақытқа жетудің жолы, ал зұлымдық – оған кедергі.

Қазақтың ұлы ойшылы Абай да осы ойларды жалғастырған. Оның «Толық адам» ілімі адамгершілікке, ізгілікке негізделген. Абай «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол» деп адам бойындағы жақсы қасиеттерді дәріптейді. Ол надандық, еріншектік, зұлымдық сияқты жаман қасиеттерден аулақ болуға шақырады.

– «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» деген ұғымдарды қоғамда қалай жүзеге асыруға болады?

– Атырауда өткен Құрылтайда айтылған «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» деген ұғымдар қоғам үшін өте маңызды. Бұл – адамның адал өмір сүруінің негізгі қағидалары. Адал еңбек еткен адам ғана адал табыс табады. Ал адал табыс адамның өміріне де, қоғамға да береке әкеледі.

Мемлекет басшысы ұлттық құндылықтар жүйесін де атап өтті. Оның ішінде тәуелсіздік, отаншылдық, бірлік, әділдік, жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық сияқты қасиеттер бар. Осындай құндылықтар ұлттың жаңа сапасын қалыптастырады. Яғни қоғамның дамуы үшін әр азамат осы құндылықтарды ұстануы керек.

Адал қоғам құру үшін әр адам өз саласында адал еңбек етуі тиіс. Біреу ұстаз болса – білімін адал беруі керек, біреу кәсіпкер болса – адал жұмыс істеуі керек. Қай салада болсын адалдық басты қағида болуы қажет. Сонда ғана қоғамда сенім қалыптасады.

Жақында елде болған су тасқыны кезінде халықтың бір-біріне қалай көмектескенін көрдік. Көптеген азаматтар қолдан келгенше жәрдем берді. Бұл – халқымыздың жүрегінде қайырымдылық пен мейірім бар екенін көрсетеді. Осындай жанашырлық пен адалдық қоғамды біріктіреді.

– Жаңа Конституциядағы отбасы мен қоғамға қатысты өзгерістердің маңызы қандай?

– Жаңа Конституция жобасында отбасы мәселесіне де ерекше мән беріліп отыр. Мысалы, 30-бапта неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекет қорғауында болатыны нақты көрсетілген. Некенің тек ер мен әйелдің тең әрі ерікті одағы екені де анық жазылған. Бұл – қоғамның тұрақтылығы үшін маңызды мәселе.

Өйткені отбасы – кез келген мемлекеттің негізі. Ұрпақ тәрбиесі, адамгершілік, ұлттық құндылықтар бәрі де отбасында қалыптасады. Егер отбасы берік болса, қоғам да берік болады. Сондықтан бұл өзгерістер ұлттың болашағы үшін маңызды.

Конституцияда ата-ананың балаға қамқорлық жасауы – олардың құқығы әрі міндеті екені айтылған. Ал кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар ата-анасына қамқор болуға міндетті деп көрсетілген. Бұл – қазақ қоғамында бұрыннан бар дәстүрлі құндылықтардың заң жүзінде бекітілуі.

Осындай нормалар адамдарды жауапкершілікке тәрбиелейді. Егер қоғамдағы әр адам адал ойлап, адал әрекет етсе, адал ата-ана, адал бала, адал ұрпақ қалыптасады. Сонда ғана Конституцияда айтылған Әділетті Қазақстан идеясы жүзеге асады.

Жанар ҚАЙРАТҚЫЗЫ

altyalash.kz

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Семейде 50 отбасы баспаналы болды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жоспарлы жұмыс жүйелі жемісін береді

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.