Астанада семсерлесуден Әлем кубогы өтті: оған 46 елден 500-ге жуық спортшы қатысты – Altyalash.kz
Tuesday, March 31, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астанада семсерлесуден Әлем кубогы өтті: оған 46 елден 500-ге жуық спортшы қатысты

30.03.2026
0
Астанада семсерлесуден Әлем кубогы өтті: оған 46 елден 500-ге жуық спортшы қатысты

Астанада ерлер мен әйелдер арасында сапы бойынша семсерлесуден Әлем кубогы өтті. Бұл – Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) қолдауымен ұйымдастырылатын маңызды турнирлердің бірі. Қазақстан мұндай деңгейдегі жарысты тарихта алғаш рет өткізіп отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

FIE халықаралық күнтізбесіне жыл сайын осы санаттағы небәрі бес турнир енеді.

Аталған жарыс дәстүрлі түрде Швейцария, Германия, БАӘ және Канада елдерінде өтеді.

Биылдан бастап бұл тізімге алғаш рет Қазақстан қосылып, Орталық Азияда Әлем кубогын өткізу құқығына ие болған алғашқы ел атанды.

Турнирге әлемнің 46 елінен шамамен 500 спортшы қатысты: олардың 222-сі – әйелдер, 272-сі – ерлер. Командалық сайыстарға 31 ерлер және 23 әйелдер құрамасы қатысады.

Бапкерлер, төрешілер мен ұйымдастырушыларды қосқанда, қатысушылардың жалпы саны 1000 адамнан асады.

Ашылу салтанатына Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев қатысты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен спорт саласында ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатыр. Соның алғашқы нәтижелері қазірдің өзінде байқалуда. Биылдан бастап балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері бапкерлерінің жалақысы 30%-ға артты.

Балалар спортына бөлінетін қаржы шамамен екі есеге көбейді. Басым спорт түрлері айқындалды, легионерлерді мемлекеттік қаржыландыру тоқтатылды, ұлттық спорт түрлеріне олимпиадалық спорт түрлерімен тең мәртебе берілді.

Сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық кеңейіп келеді.

Спортшыларымыз халықаралық аренада табысты өнер көрсетіп, ел абыройын асқақтатуда. Әлеуетті спорт резерві қалыптасып, балалар спорты дамып келе жатқанын айта кеткен жөн. Осындай деңгейдегі жарыстың елімізде өтуі – Қазақстанның халықаралық спорт аренасындағы беделінің артып келе жатқанын көрсетеді», – деді министрдің орынбасары.

Турнирде Қазақстан атынан 30 спортшы бақ сынады. Олардың қатарында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаймов бар.

Әйелдер арасында 24 спортшы өнер көрсетеді, олардың ішінде Ульяна Писцова, София Николайчук, Каролина Фомина және Владислава Андреева бар.

Еске сала кетейік, былтыр Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем чемпионатында қола жүлде иеленіп, тарихи жетістікке қол жеткізген еді. Ал 2024 жылғы Париж Олимпиадасында ұлттық құрама 6-орын алды.

Құраманың бас бапкері – Олександр Горбачук. Оның жетекшілігімен Жапония құрамасы Токио және Париж Олимпиадаларында, сондай-ақ 2018 және 2022 жылғы Азия ойындарында чемпион атанған.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Аягөздік оқушы пластик қалдықтарынан эко-асфальт жасап шығарды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алматыда өңірлік Травматология және ортопедия орталығы құрылады

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.