Астанада Шәмші Қалдаяқов көшесінде «Шәмші әлемі» атты музыкалық инсталляция орнатылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Шәмші Қалдаяқов көшесі – Астананың ең танымал әрі көрікті көшелерінің бірі.
Қазақтың ұлы сазгері, Қазақстанның Халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың мұрасына тағзым ретінде Сарайшық ауданының әкімдігі «Шәмші әлемі» атты бірегей музыкалық инсталляция орнатылды.
Бұл өнер нысанында композитордың ғұмыр жолы мен аңызға айналған әндерінің әуені көрініс табады.
